Варианты зачисления на курс
Қоғамдық тамақтану өнімдерінің технологиясы
Технология и стандартизация
Есіркеп Гүлмира Есіркепқызы – техника ғылымдарының кандидаты,қаумдастырылған профессор ,
1.ЖАОК сипаттамасы
1.1Оқу мақсаты: тамақтандыру кәсіпорындарында шикізатты алғашқы өңдеуді, ыдыс-аяқтарды дайындау үшін қолданылатын негізгі технологиялық процестерді, өнімдердің тағамдық құндылығын, шикізаттың ассортиментін және технологиялық қасиеттерін, олардың химиялық құрамымен байланысын және аспаздық өңдеу процесінде өнімнің жаңа қасиеттерін қалыптастыруды білу және тағамдық өнімдерді дайындаудың технологиялық картасын құра білу.
1.2 Оқу міндеттері:
-Білім беру міндеттері – студенттерді қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қолданылатын шикізат түрлерімен, олардың қасиеттерімен, тағам дайындаудың негізгі технологиялық үдерістерімен, заманауи жабдықтармен және жаңа технологиялармен таныстыру
-Дамытушылық міндеттері – болашақ мамандардың технологиялық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми-техникалық ақпараттарды талдау, тағам сапасын бағалау және өндіріс процесін жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.
-Тәрбиелік міндеттері – тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды, еңбек мәдениеті мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды, шығармашылық көзқарасты және кәсіби этиканы тәрбиелеу.
1.3 Оқыту нәтижелері: Пісіру технологиясы мен аспаздық өнімдердің негіздері, шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеу әдістері мен режимдері, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары туралы білімін дамытады, сондай-ақ тағам дайындаудың технологиялық процестерін қолдануда, дайын өнімнің сапасын бақылауда практикалық дағдыларды меңгереді және технологиялық процестер мен олардың тиімділігін талдауды біледі.
1.4 Пререквизиттері:. Азық-түлік өнімдері салаларының технологиясы
1.5 Постреквизиттері: Консервілер және азық-түлік концентраттарының технологиясы
1.Академиялық кредиттер көлемі -5/ МООК ұзақтығы-15 апта
2. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.