Варианты зачисления на курс
Кәсіпорын экономикасы
Экономика и управление
Касымова С.Б. – сеньор-лектор,
МООК сипаттамасы: курс кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикасы саласындағы базалық білімді, өндірісті ұйымдастыру нысандарын және олардың тиімділігін бағалауды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдаланудың шамасы мен бағытын анықтау мәселелерін зерделеуге, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істеу дағдыларын игеруге, жағдайларды талдауға және нарықтық ортаның қазіргі жағдайында олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпорындардың экономикалық проблемаларын шешудің тиімді стратегияларын ұсынуға бағытталған
Пәннің мақсаты білім алушыларға кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу заңдылықтарын, экономикалық тетіктерін, жоспарлау, шығындарды басқару, өнім шығару, бағалау, қаржыландыру және нәтижелілікті талдау қағидаларын үйрету.
Оқу міндеттері:
1) пән білім алушыларды кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық процестермен, көрсеткіштермен және басқару тетіктерімен таныстырады.
2) пән білім алушыларға теориялық және қолданбалы білімдерді меңгертеді: кәсіпорынның экономикалық қызметінің негіздерін – құрылымы, өндіріс факторлары, ресурстарды басқару. Өндіріс пен шығындар теориясын – шығындардың түрлері, өзіндік құнды есептеу әдістері. Өндірістік үдерістерді жоспарлау және ұйымдастыруды – өндірістік қуат, материалдық және еңбек ресурстары, кәсіпорынның табысы мен рентабельдігін талдауды – пайда, маржиналдық табыс, рентабельдік коэффициенттері. Қаржы-шаруашылық қызметін бағалау принциптерін – баланс, өтімділік, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері. Инвестициялық жобаларды жоспарлау және бағалау – NPV, IRR, дисконттау, тәуекелді талдау.
3) пән студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен бірге кәсіби және тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, ол: кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытады, жаңа идеялар ойлап табуға, оларды іске асыру жолдарын іздеуге үйретеді. Шығармашылық пен жаңашылдықты қалыптастырады, инновациялық шешімдер қабылдауға және бизнесті жетілдіру жолдарын табуға көмектеседі. Талдау және стратегиялық ойлауды дамытады, нарықтық жағдайды бағалап, тиімді шешім қабылдауға машықтандырады.
Оқу нәтижелері: Нарықтық ортаның қазіргі жағдайында олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істеуге, кәсіпорындардың экономикалық мәселелерін шешудің тиімді стратегияларын талдауға және ұсынуға қабілетті
Пререквизит: Экономикалық теория, Микроэкономика
Постреквизит:
6В04105 Менеджмент - Өндірістік менеджмент, Шаруашылық қызметті ұйымдастыру
6В04110 Экономика - Өнеркәсіп экономикасы, Еңбек нарығының экономикасы
6В04103 Есеп және аудит – Басқару есебі
Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.