Варианты зачисления на курс

Туристік бизнестегі визалық қолдау және сақтандыру
Туризм и сервис
Рахметова С.Р.сеньор-лектор, 1. Туристік бизнестегі визалық қолдау және сақтандыру ЖАОК сипаттамасы. 1.1 Оқыту мақсаты: Пәннің мақсаты – студенттерде туристік бизнестегі визалық қолдау мен сақтандыру жүйесінің негізгі қағидалары, олардың туристік қызмет сапасын арттырудағы және халықаралық туризмді ұйымдастырудағы маңызы туралы кешенді түсінік қалыптастыру. Пән студенттерге визалық рәсімдеу процестерін, сақтандыру қызметтерін ұйымдастыруды, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын меңгеруді қарастырады. 1.2 Оқыту міндеттері: - Туристік бизнестегі визалық қолдау жүйесінің құрылымын түсіну; - Халықаралық визалық рәсімдеу тәртібін меңгеру; - Туристерді сақтандыру түрлері мен олардың ерекшеліктерін үйрену; - Сақтандыру жағдайларын рәсімдеу және төлем алу тәртібін игеру; - Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын меңгеру; 1.3 Пәнді оқыту нәтижелері: Білім алушылар туристік бизнестегі визалық қолдау жүйесін, халықаралық визалық рәсімдеу талаптарын, туристерді сақтандыру қағидаларын, сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін және туристік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар, әртүрлі елдердің визалық саясатындағы ерекшеліктерді талдай алады және туристік қызмет көрсету сапасын арттыруда қолдана біледі. 3. Курстың постреквизиттері:Туристік бизнесті халықаралық реттеу МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: халықаралық туризмді ұйымдастыру; туристік қызмет көрсету технологиялары; туризмдегі менеджмент және маркетинг; туристік қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару. 4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5 5. Курсты оқыту деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.