Варианты зачисления на курс
Мұнай мен газды өндеу негіздері
Химия, химическая технология и экология
Жумабекова Арай Керимакыновна – х.ғ.к., ассистент-профессор,
Жунусова Эльвира Бақтығалиевна – т.ғ.к., ассистент-профессор
1. ЖАОК сипаттамасы:
1.1 Оқу мақсаты: Болашақ мұнай-газ саласы мамандарына мұнай мен газды өңдеу процестері, технологиялары, олардың физика-химиялық қасиеттері мен өнім алу жолдары туралы кешенді теориялық және практикалық білім беру болып табылады.0
1.2 Оқу міндеттері:
- Мұнай мен газдың физика-химиялық қасиеттерін түсіндіру.
- Мұнай мен газдың құрамындағы компоненттер туралы мәлімет беру.
- Мұнай мен газды өңдеу процестерінің негізгі теорияларын үйрету.
- Мұнай мен газды алғашқы және терең өңдеу әдістерін түсіндіру (дистилляция, ректификация, крекинг, риформинг және т.б.).
- Өндірістік қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін меңгерту.
- Өңдеу процесінің қауіпсіздік талаптарын үйрету.
- Технологиялық есептер шығару және өңдеу сұлбаларын құру.
1.3 Оқу нәтижелері:
- мұнайдың газ тәріздес, сұйық және қатты парафинді көмірсутектерінің құрамын, физика-химиялық және спецификалық қасиеттерін сипаттайды;
- мұнай мен газдан алынатын негізгі химиялық өнімдерді біледі;
- фракциялық, топтық және элементтік құрамы туралы мәліметтер негізінде мұнайдың отындық және пайдалану сипаттамаларын бағалайды;
- мұнай және мұнай өнімдерінің компоненттерін анықтау және талдау әдістерін таңдайды;
- мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеудің технологиялық процестерін жобалау кезінде мұнай мен газдың химиялық қасиеттерін пайдаланады.
2. Пререквизиттер. Осы ЖАОК-ты игеру үшін мектептегі физика және химия курстарын оқу кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет.
3. Постреквизиттер. ЖАOК-ты үйрену кезінде алынған білім, білік және дағдылар мұнай химиясы курсын игеру үшін қажет.
4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы
5. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.