Варианты зачисления на курс
Тік және толықтырылған шындық технологиялары
Компьютерная инженерия и автоматизация
Сантеева С.Ә. – Философия докторы PhD,
Саттыкова Б.Е. – Магистр, ассистент,
1.1 ЖАОК сипаттамасы
Курстың мақсаты – студенттерге виртуалды және кеңейтілген ортаны құру үшін қолданылатын заманауи тәсілдер мен құралдарды меңгерту. Студенттер виртуалды (VR), толықтырылған (AR) және аралас (MR) шынайылық технологияларының мүмкіндіктерін, даму бағыттарын, жобалау мен әзірлеу әдістерін үйренеді. Сонымен қатар, пән шеңберінде осы технологиялардың өнеркәсіп, медицина, білім беру, ойын индустриясы, архитектура сияқты әртүрлі салаларда қолданылуы қарастырылады. Сондай-ақ, виртуалды ортада қолданылатын жүйелердің құрылымы, сипаттамалары және түрлері қарастырылады. Аралас, толықтырылған, виртуалды шынайылықты құру кезеңдері, шынайылыққа жақындаған және қолданушы талаптарына сай объект образдарын құруға, ойын қозғалтқыштарында объектілерді визуализациялаудың тиімді құралдарын таңдауды қарастырады. Ажырамас байланыс орнату арқылы виртуалды шынайылық нысандарымен өзара іс-әрекеттер жүзеге асырылады.
Пәннің мақсаты – Тік және толықтырылған шындық технологиялары пәнін оқу барсында білім алушылар виртуалды, толықтырылған және аралас шынайылықпен танысады, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін түсінеді, қолданудың мүмкін болатын тәсілдерін анықтайды, сондай – ақ дизайн-ойлау, дизайн-талдау дағдыларын қатар дамыта отырып, одан әрі тереңдетудің неғұрлым қызықты бағыттарын айқындайды және жаңа және сұранысқа ие нәрсені жасау қабілетін дамытады.
1.2 Оқудың міндеттері:
• Студенттерді виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) шындық технологияларының теориялық негіздерімен таныстыру;
• Заманауи VR/AR құрылғылары мен бағдарламалық құралдардың жұмыс принциптерін меңгерту;
• Виртуалды орта құру және толықтырылған шындық элементтерін жобалау дағдыларын қалыптастыру;
• Болашақ мамандардың цифрлық технологияларды кәсіби қызметінде тиімді қолдана білуін қамтамасыз ету.
1.3 Пререквизиттер. Табиғи тілдерді өңдеу.
1.4 Постреквизиттер. Диплом алдындағы практика.
1.5 5 кредит/45
1.6 Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.