Варианты зачисления на курс

Қонақжайлылық теориясы
Туризм и сервис
Ахметова Галия Базархановна экономикалық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор, 1. Қонақжайлылық теориясы ЖАОК сипаттамасы 1.1. Оқу мақсаты: қонақжайлылық индустриясы саласындағы теориялық аспектілер мен қолданбалы мәселелерді баяндау, қонақ үй және мейрамхана қызметтерінің ашық нарығымен таныстыру, қонақтарды қабылдауды ұйымдастыру негіздерін, сондай-ақ қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметін меңгеру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қонақжайлылық индустриясы саласында білімдерін көрсетеді. 1.2. Оқу міндеті: Білім алушыларды қонақжайлылық негіздерімен, индустрия құрылымымен және сервистік қызмет көрсету қағидаларымен таныстыру. Қонақжайлылық негіздерін, индустрия құрылымын түсінуді және сервистік қызмет көрсету қағидаларын меңгерту. Кәсіби қызмет көрсету дағдыларын, қонақтармен тиімді өзара әрекеттесу және сервистік мәдениет қағидаларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. 1.3. Туризм инфрақұрылымы пәнін оқытудың нәтижелері: Қонақжайлылық дағдыларына ие, оларды қонақтарды қарсы алу және қызмет көрсету барысында қолданады. 1.4. Пререквизиттер. Туризмдегі кәсіби этика 1.5. Постреквизиттер. Туризмдегі маркетинг негіздері 1.6. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 6 кредит 1.7. Курстың қиындық деңгейлері: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.