Варианты зачисления на курс
Инженерлік және компьютерлік графика
Информационные технологии
Омаркулова Г.Ш., Талғат А., Абишева А.А.,
Техника ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамалары
Пән инженерлік және техникалық салаларда қолданылатын графикалық кескіндерді жасауға және өңдеуге қатысты негізгі тақырыптарды зерттеуге бағытталған. Графикалық жүйелердің негізгі компоненттері, графикалық аппараттық және бағдарламалық жасақтама. Білім алушылар инженерлік есептерді шешу режимінде графикалық жүйелермен жұмыс істеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
1.1 Оқыту мақсаты: "Инженерлік және компьютерлік графика" пәнінің мақсаты - Студенттерге инженерлік графиканың теориялық және практикалық негіздерін жан-жақты меңгерту, техникалық сызбалардың стандарттарына сәйкес (ЕСКД, ISO) сызу, оқу және талдау дағдыларын қалыптастыру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ заманауи компьютерлік графика бағдарламаларын (AutoCAD, Компас-3D, SolidWorks және т.б.) тиімді пайдалану арқылы екіөлшемді сызбалар мен үшөлшемді модельдер құрастыру, оларды өңдеу және жобалау үдерісінде қолдана білуге үйрету.
1.2 Оқыту міндеттері:
1) Инженерлік графиканың негізгі ұғымдары мен принциптерін меңгерту;
2) Сызу құралдарын дұрыс пайдалануға және стандарттарға сай сызба орындауға үйрету;
3) Техникалық сызбаларды оқу, талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру;
4) Кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту және проекциялық сызу әдістерін үйрету;
5) Компьютерлік графика бағдарламаларында (AutoCAD, SolidWorks, Компас-3D және т.б.) жұмыс істеуге дағдыландыру;
6) Екіөлшемді және үшөлшемді модельдер құру және өңдеу білігін қалыптастыру;
7) Инженерлік есептерді графикалық әдістермен шешуге машықтандыру;
8) Өзіндік және шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы жобалау мәдениетін қалыптастыру.
1.3 Оқыту нәтижелері:
Автоматтандырылған жобалау жүйесі арқылы Жобалық Құжаттаманың Бірыңғай Жүйесіне сәйкес электр тізбектерін және баспа платаларының сызбаларын құрастыруды жүзеге асыра алады және инженерлік объектілерді жобалау мен модельдеуде білімдерін қолдана алады.
2. Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
3. Постреквизиттер: Робототехника және IOT технологиялары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.