Варианты зачисления на курс
Бағдарламалық жасақтаны тестілеу
Информационные технологии
Джумагалиева Айнур Максимовна, магистр, сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамалары
Курс бағдарламалық жасақтаманы тестілеу саласында қолданылатын негізгі ұғымдарды, әдістер мен технологияларды зерттеуге бағытталған. Бағдарламалық өнім сапасының негізгі сипаттамалары (сенімділік, өнімділік, қауіпсіздік, ыңғайлылық), тестілеу деңгейлері мен түрлері, тестілеу өмірлік циклдері (SDLC, STLC), тест жобалау әдістері, қателерді анықтау және басқару, автоматтандырылған тестілеу, веб және мобильді қосымшаларды тестілеу, сондай-ақ заманауи тестілеу технологиялары қарастырылады.
Пәнді оқыту мақсаты:
«Бағдарламалық жасақтаманы тестілеу» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бағдарламалық өнім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған теориялық негіздерді, тестілеу әдістерін және заманауи құралдарды меңгеруі.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. Бағдарламалық жасақтаманы тестілеудің негізгі ұғымдарымен және принциптерімен таныстыру;
2. Тестілеу түрлері мен деңгейлерін, сондай-ақ SDLC және STLC өмірлік циклдерін меңгерту;
3. Тест-кейстер, чек-листер және баг-репорттарды құру дағдыларын қалыптастыру;
4. Қолмен және автоматтандырылған тестілеу әдістерін үйрету;
5. Бағдарламалық өнімнің сапасын бағалау және тестілеу стратегиясын құру қабілетін дамыту.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Бағдарламалық жүйелердің сапасын бағалау және тестілеу әдістерін қолдану қабілетін көрсетеді. Тест-кейстерді әзірлейді, қателерді анықтайды және оларды сипаттай алады. Бағдарламалық өнімнің функционалдық және функционалдық емес сипаттамаларын талдайды. Заманауи тестілеу құралдарын қолдана отырып, жүйені кешенді тексеру және нәтижелерін бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Пререквизиттер: Бағдарламалау негіздері, Деректер базасы және ДҚБЖ
Постреквизиттер: Бағдарламалық жобаларды әзірлеу, дипломдық жұмысты дайындау және орындау.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.