Варианты зачисления на курс
Ақпараттық менеджмент
Экономика и управление
Касымова С.Б. – сеньор-лектор,
МООК сипаттамасы: Курс ақпараттық менеджменттің негізгі ұғымдарын және олардың бизнес үшін маңыздылығын қарастырады. Ақпараттық ресурстардың түрлерін анықтайды және бизнес үшін қолайлы жүйені таңдайды. Заманауи технологиялардың ұйымды басқаруға әсерін талдайды. Ұйымда ақпаратты қорғау шараларын әзірлейді. Бизнестің тиімділігін арттыру үшін білімді басқару әдістерін қолданады. Басқару шешімдерін қабылдау үшін аналитикалық құралдарды қолданады. Бизнесте цифрлық шешімдерді енгізу стратегиясын әзірлейді.
Пәннің мақсаты: білім алушыларға ұйымның ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелері мен технологияларын тиімді басқарудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдауда ақпаратты ұтымды пайдалануға үйрету.
Оқу міндеттері:
- ақпараттық менеджменттің теориялық негіздері мен негізгі ұғымдарын меңгерту; ұйымдағы ақпараттық ресурстардың маңызын түсіндіру және оларды тиімді басқару тәсілдерін қалыптастыру; ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың басқару үдерісіндегі рөлін ашу;
- ақпараттық ағындарды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау дағдыларын дамыту; басқарушылық шешім қабылдауда ақпаратты талдау және пайдалануды үйрету; ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық тәуекелдерді басқару негіздерін меңгерту; білімді басқару (Knowledge Management) қағидаларын тәжірибеде қолдануға баулу;
- цифрлық экономика жағдайында ұйымның ақпараттық даму стратегиясын қалыптастыруға қабілеттілікті дамыту; ақпараттық менеджмент саласындағы заманауи үрдістер мен инновацияларды талдай білу дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың аналитикалық ойлауын, кәсіби құзыреттілігін және өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Оқу нәтижелері: ұйымдағы ақпараттық технологиялар мен кибернетикалық жүйелердің тиімділігін жақсарта отырып, IT-жобалар мен ресурстарды басқару үшін ақпараттық менеджменттің стратегиялары мен әдістемелерін әзірлеуге және қолдануға қабілетті.
Пререквизит: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Менеджмент, Сандық экономика
Постреквизит: Диплом алдындағы практика/Өндірістік практика
Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.