Варианты зачисления на курс
Сүт және сүт өнімдерінің биотехнологиясы
Технология и стандартизация
Серикова Шынар – биология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор,
1.МООК сипаттамасы
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты: сүт және сүт өнімдерін биотехнологиялық жолмен өндірудің заманауи аспектілерін зерттеу. Курста ашытылған сүт өнімдері мен ірімшік өндіруде қолданылатын микроағзалардың жіктелуі мен сипаттамасы, өндіріс барысында жүретін биохимиялық процестер, ашытылған сүт өнімдерін алу әдістері, сондай-ақ сүт және сүт өнімдерін өндірудің биотехнологиялық процесі мен өнім сапасын бақылау мәселелері қарастырылады.
1.2 Оқу міндеттері:
Сүт және сүт өнімдерін өндірудің биотехнологиялық негіздерімен, қолданылатын микроағзалардың түрлері мен олардың технологиялық рөлімен таныстыру.
Сүт және ашытылған сүт өнімдерін өндірудің заманауи әдістері мен биохимиялық процестерін талдауды, өнім сапасын бағалау және бақылау тәсілдерін үйрету.
Биотехнологиялық ойлау қабілетін, өндірістік процестерді талдау және ғылыми негізде шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
1.3 Оқыту нәтижелері:
Сүтті қайта өңдеу процестерін құру және жетілдіру үшін биотехнологиялық тәсілдерді қолданады, бірегей қасиеттері бар өнімдерді алу үшін микробтық дақылдар мен ферменттерді пайдаланады, қосымша функционалдық сипаттамалары бар жаңа сүт өнімдерінің түрлерін әзірлеу әдістерін меңгереді, олардың өндірісінің барлық кезеңдерін бақылайды.
1. Пререквизиттер. Микроорганизмдер биотехнологиясы, Тағамдық биотехнология, Өндірістік биотехнология
2. Постреквизиттер. Биотехнологиялық өндірісті бақылау және бағалау, Биотехнологиялық өндірістерді технохимиялық бақылау
3. Академиялық кредиттер көлемі -5/ МООК ұзақтығы-15 апта
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.