Варианты зачисления на курс
Химия
Химия, химическая технология и экология
Иварай Айжан Ибраевна магистр, сеньор-лектор
1. ЖАОК сипаттамалары
1.1 Курс мақсаты: «Химия» курсы студенттерді заманауи бейорганикалық және органикалық химия жайлы жалпы көзқарастар қалыптастыру, олардың маңызды теориялық бөлімдерін білу. «Химия» курсы оқу шығармашылық ойлауды дамытуға, студенттерде ғылыми көзқарас қалыптастыруға, азық-түлік өнімдерінің технологиясы саласында белсенді кәсіби әрекет үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды қолдана білуге жағдай жасайды.
1.2 Курс міндеттері:
- студенттердің қазіргі химия ғылымының негізін, химияның арнаулы бөлімдерін жете меңгеру;
- зертханалық жұмыстар, тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қорытынды шығара білу;
- әр түрлі есептерді шығара білу, қарапайым химиялық жағдайларға болжам жасау
- нақты практикалық жүзеге асырылу барысындағы әртүрлі технологиялық процестердің химиялық талдау әдістерін қолдану.
1.3 Оқыту нәтижелері:
- атомның электрондық құрылымының орнынан және химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орнынан химиялық элементтердің қасиеттерін түсіндіреді;
- химиялық байланыстың түрлері мен түзілу механизмін, жіктелуін, химиялық қасиеттерін және бейорганикалық және күрделі қосылыстарды алу әдістерін сипаттайды;
- химиялық реакцияның химиялық тепе-теңдігінің, кинетикалық және термодинамикалық параметрлерінің ығысуына сыртқы факторлардың әсерін анықтайды;
- ерітінділерде болатын процестерді, электролиттік диссоциация, гидролиз, тотығутотықсыздану реакциялары және электрохимиялық процестерді сипаттайды;
- металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының құрылысын, физикалықхимиялық қасиеттерін, алу әдістерін салыстырады.
2. Пререквизиттер. Мектеп химия курсы
3. Постреквизиттер. Аналитикалық және физколлоидты химия
4. Академиялық кредиттер саны-6; ЖАОК ұзақтығы-15минут
5. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.