Варианты зачисления на курс
ІТ саласындағы стартаптар
Информационные технологии
Мерейхан Лаззат – магистр, сеньор-лектор,
Талгат Амангул - магистр, сеньор-лектор,
1. ЖООК мінездемесі
1.1 Оқыту мақсаты: «IT саласындағы стартаптар» пәнін оқытудың мақсаты
студенттерде инновациялық IT-жобаларды құру, дамыту және ауқымын кеңейту үдерістері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, кәсіпкерлік ойлау қағидаттарын және стартаптарды басқарудың заманауи әдістемелерін меңгерту болып табылады. Пән аясында білім алушылар IT-стартаптың өмірлік циклі, бизнес-модельдер, қаржылық жоспарлау, инвестиция тарту және өсу стратегиялары туралы білім алады. Ерекше назар идеяларды генерациялау, команда құру, гипотезаларды валидациялау, MVP әзірлеу және жобаны әлеуетті инвесторларға таныстыру бойынша практикалық дағдыларды дамытуға аударылады.
1.2 Оқытудың міндеттері
- Пән студенттерді ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкерліктің негіздерімен, IT-стартаптың өмірлік циклінің кезеңдерімен, бизнес-идеяларды генерациялау және валидациялау қағидаттарымен, команда құрумен, бизнес-модельді таңдаумен, технологиялық жобалардағы маркетинг, монетизация және инвестиция тарту ерекшеліктерімен таныстырады.
- Пән нарықты және мақсатты аудиторияны талдауға, стартаптың бизнес-моделін әзірлеуге және негіздеуге, жобалық басқарудың заманауи құралдарын (Agile, Lean Startup) қолдануға, қаржылық модельдер құруға, MVP өнімін әзірлеуге, питч-дек дайындауға және жобаны әлеуетті инвесторларға таныстыруға үйретеді.
- Пән студенттерде кәсіпкерлік және сыни ойлауды, белгісіздік жағдайында шешім қабылдау қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын, стратегиялық жоспарлау мен жобалық басқару біліктілігін, сондай-ақ IT ортасында бизнес-міндеттерді шешуде креативті тәсілді қалыптастырады.
1.3 Оқытудың нәтижелері: Бизнес-жоспар құрастыру, қаржыландыру көздерін табу, команданы басқару және өз өнімін сату дағдыларын көрсетеді. Стартап идеясын нарықтық және қаржылық талдау негізінде бағалай алады.
2. Пререквизиттер: Үлкен деректерді өңдеу (Big Data)
3. Постреквизиттер: Дипломдық жұмысты дайындау және орындау
4. Академиялық кредиттер саны / ЖООК ұзақтығы: 5 кредит
5. Курстың күрделілік деңгейі: бастапқы, орташа және жоғары деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.