Варианты зачисления на курс
Жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер
Информационные технологии
Джумагалиева Айнур Максимовна, магистр, сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамалары
Курс жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер саласында қолданылатын негізгі ұғымдарды, әдістер мен технологияларды зерттеуге бағытталған. Пән аясында жасанды интеллекттің негізгі бағыттары, машиналық оқыту, нейрондық желілер, білімді ұсыну тәсілдері, сараптамалық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Сонымен қатар деректерді өңдеу, шешім қабылдау әдістері, табиғи тілді өңдеу, интеллектуалды жүйелерді жобалау және оларды әртүрлі салаларда қолдану мәселелері қамтылады. Заманауи AI технологиялары мен олардың практикалық қолданылуына ерекше назар аударылады.
Пәнді оқыту мақсаты
«Жасанды интеллект және сараптамалық жүйелер» пәнінің мақсаты – білім алушыларға жасанды интеллекттің теориялық негіздерін, сараптамалық жүйелерді құру принциптерін және интеллектуалды жүйелерді әзірлеу әдістерін меңгерту.
Пәнді оқыту міндеттері
1. Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен бағыттарын түсіндіру;
2. Машиналық оқыту, нейрондық желілер және деректерді талдау әдістерін меңгерту;
3. Сараптамалық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін үйрету;
4. Білім базасын құру және инференция механизмдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру;
5. Интеллектуалды жүйелерді жобалау және оларды практикалық есептерде қолдану қабілетін дамыту.
Пәнді оқыту нәтижелері
Білім алушы жасанды интеллекттің негізгі әдістерін қолдана алады және сараптамалық жүйелерді талдау қабілетіне ие болады. Машиналық оқыту модельдерін құрастырады және деректерді өңдеу әдістерін қолданады. Нейрондық желілердің жұмыс принциптерін түсінеді және оларды практикалық есептерде пайдаланады. Білім базасын құрып, шешім қабылдау жүйелерін жобалай алады. Заманауи интеллектуалды технологияларды қолдану арқылы нақты есептерді шешу дағдыларын қалыптастырады.
Пререквизиттер
Бағдарламалау негіздері, Дискретті математика, Деректер құрылымдары және алгоритмдер
Постреквизиттер
Машиналық оқыту,Үлкен деректерді талдау (Big Data), Интеллектуалды ақпараттық жүйелер, дипломдық жұмысты дайындау және орындау
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.