Варианты зачисления на курс

Салық және салық салу
Финансы и учёт
Юсупов Улагат Болатович – PhD, «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор м.а., 1.1 ЖАОК сипаттамасы. Бұл Жаппай ашық онлайн курс (ЖАОК) Қазақстан Республикасының салық жүйесін, салық салудың теориялық негіздерін, салықтардың түрлері мен есептеу механизмдерін, сонымен қатар салықтық әкімшілендірудің қазіргі құралдарын қашықтықтан оқыту форматы арқылы меңгеруге арналған. Курс интерактивті бейнедәрістер, тесттер, жағдайлық есептер, цифрлық платформалармен жұмыс, мысалдар, практикалық тапсырмалар және салықтық есепті автоматтандыруға бағытталған әдістемелерді қамтиды. 1.2 Оқудың мақсаты. Білім алушыларға ҚР салық жүйесінің мазмұнын, салық салу тетіктерін, салықтарды есептеу, декларациялерді дайындау мен электрондық түрде тапсыру дағдыларын, сондай-ақ салықтық жоспарлау мен әкімшілендірудің практикалық әдістерін меңгерту. 1.3 Оқудың міндеттері: - ҚР салық жүйесінің құрылымы мен салық түрлерінің экономикалық мәнін түсіндіру. - Негізгі салықтарды (КТС, ЖТС, әлеуметтік салық, ҚҚС, акциздер, жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы) есептеу тәртібін үйрету. - Электрондық үкімет пен цифрлық сервистерді (e-Salyq, Кабинет налогоплательщика) қолдана отырып, салық есептілігін дайындау дағдыларын қалыптастыру. - Салықтық әкімшілендірудің заманауи тәсілдерімен таныстыру. - Салықтық тәуекелдерді талдау және оларды азайту әдістерін меңгерту. - Салық салуды оңтайландыру және бизнес үшін тиімді салық стратегиясын әзірлеу дағдысын дамыту. 1.4 Оқу нәтижелері. Курсты аяқтаған тыңдаушы: - ҚР салық жүйесінің құрылымы мен құқықтық негіздерін түсінеді; - негізгі салықтардың ставкаларын, объектілерін, есептеу тәртібін қолдана алады; - салық декларацияларын өз бетінше толтырып, электронды түрде тапсыра алады; - салықтық есепті жүргізуді және кәсіпорынның салық жүктемесін талдауды меңгереді; - салық салудың тиімді стратегияларын ұсына алады; - салықтық әкімшілендірудің цифрлық құралдарын еркін қолданады; - салықтық құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін түсінеді. 2. Пререквизиттері. Осы ЖАОК-ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: Қаржы, Қаржылық сауаттылық негіздері, Қаржы нарықтары 3. Постреквизиттері. ЖАОК оқып-үйрену барысында алынған білім, дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: Мемлекеттік бюджет, Салықтар: консалтинг және әкімшілік 4. Академиялық кредиттердің саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 кредит. 5. Курстың күрделілік деңгейі: орта деңгей. Бұл курс базалық экономикалық білімді қажет етеді, бірақ кәсіби салық мамандарына да, жаңадан үйренушілерге де қолжетімді.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.