Варианты зачисления на курс
Бизнесті ұйымдастыру
Экономика и управление
Касымова С.Б. – сеньор-лектор,
МООК сипаттамасы: курсты оқудың мақсаты студенттерді бизнесті, өз ісін ұйымдастыру саласындағы теориялық және практикалық білімдермен қаруландыру, кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттары бойынша білім кешенін қалыптастыру және бизнес-жоспарды әзірлеуде практикалық дағдыларды игеруге көмектесу, нарықты зерттеуді талдаудың заманауи әдістерін, құралдарын пайдалана отырып, белгілі бір қызмет саласында бизнесті ұйымдастыру үшін басқарушылық, қаржылық, этикалық, құқықтық негіздерді қарастырады.
Оқу міндеттері:
1) «Бизнесті ұйымдастыру» пәні студенттерді кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен практикалық қырларымен таныстырады
2) Бұл пән студенттерге кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын үйретеді. Ол болашақ мамандарды бизнесті құру, ұйымдастыру және басқару жолдарымен таныстырады.
3) пән студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен бірге кәсіби және тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, ол: кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытады, жаңа идеялар ойлап табуға, оларды іске асыру жолдарын іздеуге үйретеді. Шығармашылық пен жаңашылдықты қалыптастырады, инновациялық шешімдер қабылдауға және бизнесті жетілдіру жолдарын табуға көмектеседі. Талдау және стратегиялық ойлауды дамытады, нарықтық жағдайды бағалап, тиімді шешім қабылдауға машықтандырады.
1.3 Оқу нәтижелері: Менеджмент, қаржы, этика және құқық салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдана отырып, сондай-ақ нарықты талдаудың әдістері мен құралдарын және негізгі экономикалық көрсеткіштерді пайдаланып, бизнес-жоспарлар құрады және бизнесті ұйымдастыра алады.
1. Пререквизит: Экономикалық теория, Менеджмент
2. Постреквизит: Кәсіпорын экономикасы, Инновациялық менеджмент
3. Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
4. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.