Варианты зачисления на курс
Басқару жүйесін зерттеу
Экономика и управление
Магзумова Л.К. – сеньор-лектор,
Пәннің мақсаты студенттердің ұйымдық менеджмент жүйесін зерттеудің заманауи тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады. Пән менеджмент жүйесін зерттеудің теориялық негіздерін, тәсілдері мен әдістемелерін, кәсіпорынды (ұйымды, мекемені) басқару жүйесіне зерттеулер жүргізудегі отандық және шетелдік тәжірибелерді зерттейді. Ұйымдарды дамытудың алға қойған мақсаттарына сәйкес кешенді, жүйелі және жағдаяттық зерттеулер жүргізу үшін дағдылар қалыптасады.
Пәнді оқыту міндеттері:
– білім алушыларда мемлекеттік және жергілікті басқару органдарындағы басқару үдерістерін жүйелік талдау және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
– мемлекеттік басқару жүйелерінің тиімділігін, орнықтылығын және нәтижелілігін бағалау әдістерін меңгеру;
– жария (қоғамдық) басқару саласында басқарушылық шешімдерді әзірлеу және негіздеу кезінде жүйелік тәсілді қолдану біліктерін дамыту.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Басқару саласында кешенді зерттеулер жүргізу, қолданыстағы жүйелерді талдау және оларды мемлекеттік және жергілікті басқарудың әртүрлі деңгейлерінде жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қабілеттерін дамытады.
1 Пререквизиттері: Макроэкономика, Статистика
2 Постреквизиттері: Қорытынды аттестаттау
3 Қорытынды аттестаттау.
4 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.