Варианты зачисления на курс
ІТ-аналитика және болжау
Информационные технологии
Беккожина Ж.А. - магистр, сеньор-лектор,
Талғат Амангуль - магистр, сеньор-лектор,
1. ЖООК мінездемесі
1.1 Пән заманауи ақпараттық жүйелерде деректерді талдау, болжау әдістері мен құралдары бойынша теориялық және практикалық білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылар деректерді өңдеу, статистикалық талдау, болжау модельдерін құру және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын игереді. Пән «Ақпараттық жүйелер», «IT-менеджмент» білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған.
Пәннің мақсаты: Заманауи аналитикалық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, деректерді талдау, болжау модельдерін құру және оларды практикалық есептерде тиімді пайдалана алатын маман даярлау.
1.2 Оқытудың міндеттері
• деректерді талдау және болжаудың негізгі ұғымдары мен кезеңдерін меңгерту;
• статистикалық әдістер мен аналитикалық құралдарды қолдануды үйрету;
• деректерді визуализациялау және интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру;
• болжау модельдерін (регрессия, уақыттық қатарлар және т.б.) құру әдістерін меңгерту;
• Python, Excel, BI құралдары арқылы практикалық дағдыларды дамыту.
1.3 Оқытудың нәтижелері:
• заманауи аналитикалық платформаларды қолдана отырып деректерді талдай алады;
• программалау тілдерін (Python, т.б.) пайдаланып талдау және болжау модельдерін құра алады;
• деректерді визуализациялап, нәтижелерін түсіндіре алады;
• әртүрлі салаларда болжау әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді.
2. Пререквизиттер: Корпоративтік IT-инфрақұрылым, басқару жүйесін жобалау
3. Постреквизиттер: Диплом алдындағы практика
4. Академиялық кредиттер саны / ЖООК ұзақтығы: 5 кредит
5. Курстың күрделілік деңгейі: бастапқы, орташа және жоғары деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.