Варианты зачисления на курс

Сәулеттік компьютерлік бағдарламалар - 3ds Max (бастапқы деңгей)
Технология легкой промышленности и дизайна
Еркін Арман Еркінұлы - сеньор лектор, магистр, Төлеуқұл Айтолқын Асқатқызы - сеньор лектор, магистр, 1. ЖАОК сипаттамасы: 1.1 Оқу мақсаты: «Сәулеттік компьютерлік бағдарламалар 3ds Max (бастапқы деңгей)» пәнінің мақсаты – білім алушыларға 3ds Max ортасында сәулеттік объектілерді үшөлшемді модельдеу бойынша базалық теориялық және Тәжірибелік білімді меңгерту, сондай-ақ пішінмен, материалдармен, текстуралармен, жарықтандырумен және рендерингпен жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру. Бұл пән сапалы визуализациялар жасауға және жобалық шешімдерді тиімді түрде ұсынуға бағытталған. 1.2 Оқу міндеттері: – Білім алушыларды 3ds Max интерфейсімен, 3D-ортада жұмыс істеу қағидаларымен және сәулеттік пішіндерді модельдеудің базалық құралдарымен таныстыру. – Масштабты, пропорцияны, композицияны және сахнаның кеңістіктік ұйымдастырылуын сақтай отырып, қарапайым сәулеттік объектілерді құруға және өңдеуге үйрету. – Материалдар мен текстураларды қолдану, жарықтандыруды баптау және рендеринг орындау дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде шынайы сәулеттік визуализация жасап, оны кәсіби деңгейде ұсыну. 1.3 Оқу нәтижелері: Жарықтандыруды, текстураны және материалдарды тиімді пайдалана отырып, егжей-тегжейлі 3D модельдерін жасау, анимация және рендеринг құралдарын пайдалана отырып, 3ds Max көмегімен сәулет нысандарын модельдейді және визуализациялайды. Пререквизиттер. Сәулеттік компьютерлік бағдарламалардың негіздері –AutoCAD, Сәулеттегі цифрлық технологиялар – Revit (бастапқы деңгей) Постреквизиттер. Сәулеттік компьютерлік бағдарламалар – 3ds Max (ілгері деңгей). 1.4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 1.5. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.