Варианты зачисления на курс

Озық Python
Информационные технологии
Джумагалиева Айнур Максимовна, магистр, сеньор-лектор, ЖАОК сипаттамалары Курс озық Python бағдарламалау тілін терең меңгеруге бағытталған. Пән аясында Python тілінің кеңейтілген мүмкіндіктері, объектіге бағытталған бағдарламалау (OOP), функционалдық программалау элементтері, асинхронды бағдарламалау, модульдер мен пакеттерді басқару, деректермен жұмыс істеу, API қолдану және автоматтандыру құралдары қарастырылады. Сонымен қатар, деректерді өңдеу, алгоритмдерді оңтайландыру, тестілеу әдістері және нақты жобалар әзірлеу мәселелері қамтылады. Практикалық тапсырмалар арқылы студенттер күрделі бағдарламалық шешімдер құру дағдыларын дамытады. Пәнді оқыту мақсаты Озық Python бағдарламалау» пәнінің мақсаты – білім алушыларға Python тілінің кеңейтілген мүмкіндіктерін меңгерту, кәсіби деңгейде бағдарламалар құру дағдыларын қалыптастыру және нақты есептерді шешуге арналған тиімді бағдарламалық шешімдер әзірлеуді үйрету. Пәнді оқыту міндеттері 1. Python тілінің озық синтаксисі мен құрылымдарын меңгерту; 2. Объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау принциптерін түсіндіру; 3. Асинхронды бағдарламалау және көпағынды өңдеу әдістерін үйрету; 4. Деректермен жұмыс істеу (файлдар, API, деректер базасы) дағдыларын қалыптастыру; 5. Бағдарламаларды тестілеу, қателерді өңдеу және оңтайландыру әдістерін меңгерту; 6. Нақты жобалар (web, automation, data processing) әзірлеу қабілетін дамыту. Пәнді оқыту нәтижелері Білім алушы Python тілінің озық мүмкіндіктерін қолдана алады және күрделі бағдарламалық жүйелерді құрастырады. Объектіге бағытталған және функционалдық бағдарламалау әдістерін пайдаланып тиімді код жазады. Асинхронды процестермен жұмыс істей алады және деректерді өңдеу құралдарын қолданады. API және сыртқы қызметтермен интеграция жасайды. Тестілеу және оптимизация әдістерін пайдаланып сенімді бағдарламалық өнімдер әзірлейді. Нақты практикалық жобаларды өз бетінше орындай алады. Пререквизиттер: Бағдарламалау негіздері, Python негіздері, Алгоритмдер және деректер құрылымдары Постреквизиттер: Web-бағдарламалау, Data Science, Машиналық оқыту, Дипломдық жұмыс
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.