Варианты зачисления на курс
Консерві өндірісінің биотехнологиясы
Технология и стандартизация
Серикова Шынар – биология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор,
Бектурганова Алмира Ануарбековна - т.ғ.к., ассоциированный профессор.
1.МООК сипаттамасы
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты: жоғары сапалы консервіленген өнімдер өндіру мен ауыл шаруашылық шикізатын өңдеудің тиімді биотехнологиялық әдістерін әзірлеу бойынша білім беру, дайын өнім мен бастапқы шикізаттың сапасын сақтау мәселелерін терең меңгеруге баса назар аудару. Пән аясында консерві өндірісіне арналған шикізатты дайындау мәселелері жинақталып, тағам өнімдерін консервілеудің биотехнологиялық әдістері зерттеледі, консерві өндірудің негізгі биотехнологиялық үдерістері жүйеленіп, консерві өндірісінде қолданылатын микробиологиялық әдістер меңгеріледі.
1.2 Оқу міндеттері:
Консерві өндірісінде қолданылатын ауыл шаруашылық шикізатының түрлерімен, олардың қасиеттерімен және алдын ала өңдеу тәсілдерімен таныстыру.
Тағам өнімдерін консервілеудің негізгі биотехнологиялық және микробиологиялық әдістерін, соның ішінде ашыту, пастерлеу, стерилдеу, ферменттеу сияқты үдерістерді үйрету.
Шикізат пен дайын өнім сапасын сақтау мен бағалау дағдыларын, сондай-ақ биотехнологиялық ойлау мен зертханалық талдау жүргізу қабілеттерін дамыту.
1.3 Оқыту нәтижелері:
Консервілеудің негізгі әдістері туралы білімдерін дамытады, өндірістің технологиялық параметрлерін талдайды және бақылайды, рецептураларды құрастырады және консервілер өндірісінің экономикалық тиімділігін бағалайды.
1. Пререквизиттер. Тамақтану гигиенасы, Микроорганизмдер биотехнологиясы, Тағамдық биотехнология, Өндірістік биотехнология
2. Постреквизиттер. Биотехнологиялық өндірісті бақылау және бағалау, Биотехнологиялық өндірістерді технохимиялық бақылау
3. Академиялық кредиттер көлемі -5/ МООК ұзақтығы-15 апта
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.