Варианты зачисления на курс

Азық-түлік қауіпсіздігі менеджмент жүйесі
Технология и стандартизация
Хастаева Айгерим Жанузаковна – PhD, қауым.профессор, 1. ЖАОК сипаттамасы «Азық-түлік қауіпсіздігі менеджмент жүйесі» атты жаппай ашық онлайн курс (ЖАОК) тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтану саласындағы қауіпсіздік талаптарын жүйелі түрде меңгеруге бағытталған. Курс білім алушыларға азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын, тәуекелдерді басқару тәсілдерін және халықаралық стандарттарға (соның ішінде HACCP қағидаттары мен ISO 22000 талаптары) сәйкес менеджмент жүйесін енгізу мен жетілдіру негіздерін үйретеді. Курс барысында тыңдаушылар азық-түлік тізбегінің барлық кезеңдерінде — шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді тұтынушыға жеткізуге дейін – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі механизмдерімен танысады. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, өндірістік бақылау жүйесін ұйымдастыру, қауіпті факторларды талдау және критикалық бақылау нүктелерін анықтау бойынша практикалық білім беріледі. ЖАОК онлайн форматта ұсынылады, бұл тыңдаушыларға оқу материалдарын өз бетінше меңгеруге, тест тапсырмаларын орындауға және кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді. Курс соңында қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі менеджмент жүйесін енгізу және қолдану бойынша базалық кәсіби дағдыларды игереді. 1.1 Оқудың мақсаты: ХАССП қағидаттарын және тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналымының барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын оқу болып табылады. Бұл пән тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйесінің стандартына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу және қолдау әдістерін қамтиды. Қауіпті талдауға, сыни бақылау нүктелеріне (ХАССП), өнімнің ластануын болдырмау шараларына және процесті бақылауға ерекше назар аударылады. 1.2 Оқудың міндеттері: Пәнді меңгеру келесі міндеттерді шешуге бағытталған: - ХАССП қағидаттарын, оның құрылымын және мақсатын түсіндіру, сондай-ақ тағам қауіпсіздігі саласындағы негізгі терминдер мен ұғымдарды меңгеру; - биологиялық, химиялық және физикалық қауіптерді анықтау және талдау, тәуекелдерді бағалау және оларды басқару әдістерін үйрену; - ISO 22000 стандарттарының талаптарын меңгеру, оларды өндірістік процестерде қолдану дағдыларын қалыптастыру; - сыни бақылау нүктелерін (CCP) айқындау, мониторинг жүргізу, түзету және алдын алу шараларын жоспарлау; - азық-түлік қауіпсіздігі менеджмент жүйесін енгізу, құжаттау және оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдыларды дамыту. 1.4 Оқу нәтижелері: Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары мен халықаралық стандарттар талаптары туралы білім алу, сондай-ақ тәуекелдерді талдау және сыни нүктелерді басқаруды қоса алғанда, басқару жүйелерін әзірлеу, енгізу және мониторингтеу дағдыларын меңгеру 2. Пререквизиттер. Осы ЖАОК - ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: «Тәуекелдер мен қауіпті факторларды талдау», «Квалиметрия», «Менеджмент жүйесінің стандарттары», «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету». 3. Постреквизиттер. ЖАОК оқып-үйрену барысында алынған білім, дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: «Тамақ өнеркәсібінің сапа аудиті», «Сынақ, бақылау және өнімнің қауіпсіздігі», «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды даярлау». 4. Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5. 5. Курстың күрделілік деңгейі: орта.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.