Варианты зачисления на курс

Кәсіпорындағы экономика және жоспарлау
Экономика и управление
Касымова С.Б. – сеньор-лектор, МООК сипаттамасы: курс Кәсіпорындағы экономика мен жоспарлау негіздерін зерделеуге, өндірістің техникалық-экономикалық деңгейін бағалау дағдыларын қалыптастыруға, өнім сапасының көрсеткіштерін және кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдауға бағытталған. Білім алушылар ресурстық және еңбек шығындарын жоспарлау әдістерін меңгереді, сондай-ақ нарық жағдайында кәсіпорынның барынша тиімділігі мен тұрақтылығына қол жеткізу үшін өнімділікті арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегияларын әзірлейді Пәннің мақсаты: білім алушыларға кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу заңдылықтарын, экономикалық тетіктерін, жоспарлау, шығындарды басқару, өнім шығару, бағалау, қаржыландыру және жоспарлаудағы нәтижелілікті талдау қағидаларын үйрету. Оқу міндеттері: 1) пән білім алушыларды кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық процестермен, көрсеткіштермен және басқару тетіктерімен таныстырады. 2) пән білім алушыларға теориялық және қолданбалы білімдерді меңгертеді: кәсіпорынның экономикалық қызметінің негіздерін – құрылымы, өндіріс факторлары, ресурстарды басқару. Өндіріс пен шығындар теориясын – шығындардың түрлері, өзіндік құнды есептеу әдістері. Өндірістік үдерістерді жоспарлау және ұйымдастыруды – өндірістік қуат, материалдық және еңбек ресурстары, кәсіпорынның табысы мен рентабельдігін талдауды – пайда, маржиналдық табыс, рентабельдік коэффициенттері. Қаржы-шаруашылық қызметін бағалау принциптерін – баланс, өтімділік, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері. Инвестициялық жобаларды жоспарлау және бағалау. 3) пән студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен бірге кәсіби және тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, ол: кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытады, жаңа идеялар ойлап табуға, оларды іске асыру жолдарын іздеуге үйретеді. Шығармашылық пен жаңашылдықты қалыптастырады, инновациялық шешімдер қабылдауға және бизнесті жетілдіру жолдарын табуға көмектеседі. Талдау және стратегиялық ойлауды дамытады, нарықтық жағдайды бағалап, тиімді шешім қабылдауға машықтандырады. Оқу нәтижелері: өндіріс деңгейін талдауға, кәсіпорынның тиімділігін бағлауға, шығындарды жоспарлау стратегияларын әзірлеуге және кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін бизнес-процестерді оғтайландыруға қабілетті. Пререквизит: Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық модулі (Экономика және кәсіпкерліктің негіздері, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, қаржылық сауаттылық негіздері) Постреквизит: 6В07220 – Азық-түлік өнімдері технологиясы (салалар бойынша) – Сүт және ет өнеркәсібі кәсіпорындарындағы технологиялық нснптеулердің негіздері 6В07223 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) - Ұн тарту кәсіпорындарын жобалау, Астық өңдеу өндірістерінің кәсіпорындарын жобалау, Қайта өңдеу кәсіпорындарын жобалау, Нан және кондитерлік кәсіпорындарды жобалау 6В05112 – Биотехнология – Биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау 6В07525 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) – Квалиметрия, Сапа менеджменті жүйелері 6В07119 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) – Технологиялық машиналар мен аппараттарды жобалау, Компьютерлік модельдеу әдістерімен машина бөлшектерін жобалау Академиялық кредиттер саны - 3/ЖАОК ұзақтығы Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.