Варианты зачисления на курс

Мемлекеттік сатып алу және келісімшарттар
Экономика и управление
Магзумова Л.К. – сеньор-лектор, Пәннің мақсаты студенттердің мемлекеттік сатып алулар мен келісімшарттарды басқару жүйесін тұтас түсінуін қалыптастыру болып табылады. Курс шеңберінде ҚР нормативтік құқықтық базасы, қатысушыларға қойылатын талаптар, техникалық тапсырманы дайындау, жеткізушілерді анықтау рәсімдері және бақылау тетіктері зерделенеді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және бақылау дағдылары қалыптастырылады. Пәнді оқыту міндеттері: – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін зерделеу; – мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, өткізу және орындау барысында заңнама нормаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру; – сатып алу рәсімдерін, мемлекеттік келісімшарттарды және бақылау мен шағымдану (дауларды қарау) тетіктерін талдау білігін дамыту. Пәннің оқу нәтижелері: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мемлекеттік сатып алу және келісімшарттық басқару саласында жұмыс істеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті мекемелерде тиімді және ашық сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін әзірлейді және қолданады. 1 Пререквизит: Мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, ҚР мемлекеттік бюджеті 2 Постреквизиттер: Қорытынды аттестаттау 3 Қорытынды аттестттау. 4 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы 5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.