Варианты зачисления на курс

Экологиялық менеджмент
Экономика и управление
Асаинов А.Ж. магистр экономики, сеньор-лектор, 1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы Пәнді оқытудың мақсаты – экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласында білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пән табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарын экологиялық талаптармен үйлестіру мәселелерін қамтиды. Оқу барысында студенттер экологиялық менеджмент саласында экономикалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістерін меңгереді, экологиялық шешімдер қабылдау процесінде жоғары экологиялық мәдениет пен кәсіби этиканы қалыптастырады. 1.3 Пәннің мақсаты Пәннің мақсаты – білім алушыларға экологиялық менеджменттің теориялық негіздері мен практикалық құралдарын меңгерту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық шешімдер қабылдай алатын, экологиялық жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау. 1.4 Пәнді оқыту міндеттері Пәнді оқыту барысында студенттер: 1. экологиялық менеджменттің мәнін, қағидаттарын және негізгі функцияларын меңгереді; 2. табиғи ресурстарды пайдалануды экологиялық-экономикалық тұрғыдан реттеу тетіктерін түсінеді; 3. қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік және нарықтық реттеу құралдарын зерделейді; 4. экологиялық тәуекелдерді бағалау және басқару әдістерін үйренеді; 5. экологиялық аудит, лицензиялау және экологиялық бақылау жүйесінің негіздерін меңгереді; 6. экологиялық менеджментте қолданылатын экономикалық көрсеткіштерді есептеу және талдау дағдыларын қалыптастырады; 1.5 Пәнді оқыту нәтижелері Экологиялық мәдениет пен этиканың жоғары деңгейін көрсете отырып, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу үшін қоршаған ортаны басқару бойынша білім мен дағдыларды талдап, қолдана алады. 1.6 Пререквизиттері: Менеджмент, Бизнесті ұйымдастыру 1.7 Постреквизиттері: Өндірістік менеджмент, Стратегиялық жоспарлау
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.