Варианты зачисления на курс

Саланың технологиялық жабдықтары
Технология легкой промышленности и дизайна
Кожабергенова Каламкуль Доктырбековна – т.ғ.к., ассистент-профессор, Джусупова-Парфилькина Ирина Маратовна – магистр, сеньор-лектор, Зият Ақбота Әліайдарқызы – магистр, ассистент, 1. ЖАОК сипаттамасы: 1.1 Оқу мақсаты: Пәннің бағыты білім алушылар тігін индустриясындағы заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің негізгі түсініктерін қалыптастырады. Тігін құрал-жабдықтарын тиімді басқару және технологиялық мәселелерді шешу, техникалық білім мен іс-жүзіндегі тәжірибені меңгереді. Білім алушы алған білімдерін заманауи тігін құрал-жабдықтарымен табысты жұмыс істеуге, технологиялық үрдістерді оңтайландыруға және тігін саласында сапалы өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді иеленеді. 1.2 Оқу міндеттері: • Жеңіл өнеркәсіп салаларында қолданылатын негізгі және қосымша жабдықтардың классификациясын, конструкциялық ерекшеліктері мен жұмыс принциптерін зерделеу. • Технологиялық жабдықтарды дамытудың заманауи тенденцияларымен, соның ішінде автоматтандырылған және цифрлық басқару жүйелерімен танысу. • Әртүрлі технологиялық процестерге арналған жабдықтарды есептеу, таңдау және техникалық бағалау әдістерін меңгеру. • Жабдық жұмысының тиімділігін талдауды және оны модернизациялау мен өндірістік процестерді оңтайландыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді үйрену. 1.3 Оқу нәтижелері: Пән заманауи тігін жабдықтарымен жұмыс істеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Ол жабдықты тиімді басқаруға және технологиялық міндеттерді шешуге арналған техникалық білім мен тәжірибе береді, сондай-ақ өндірістік үдерістерді оңтайландыру қабілеттерін дамытады. Пререквизиттер: Киімнің жеңіл ассортимент технологиясының негіздері, Жеңіл өнеркәсіптің жалпы технологиясы Постреквизиттер: Саланың технологиялық үрдістерін автоматтандыру, Сервистегі технология үрдістері. 1.4 Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 1.5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.