Варианты зачисления на курс

Мейрамхана ісіндегі тамақтану өнімдерін өндіру технологиясы
Технология и стандартизация
Муканова Куралай Айтжановна – PhD, ассистент-профессор, 1.МООК сипаттамасы 1.1 Оқу мақсаты: Пәннің мақсаты мейрамхана шаруашылығы орындарында өнім өндірудің технологиялық процесінің негізгі кезеңдерін қарастыру. Пәнді зерделеу нәтижесінде азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін қабылдау тәсілдері, сондай-ақ шикізатты механикалық және гидромеханикалық өңдеу, жартылай фабрикаттарды жылумен өңдеу және дайын тамақты дайындау процестері игеріледі. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды механикалық және аспаздық өңдеудің технологиялық процестері қаралады. 1.1 Оқу міндеттері: - Азық-түлік өндірісінің технологиялық процесінің негізгі кезеңдерін және оларды мейрамхана ісінде өңдеу әдістерін зерттеу. - аспаздық өңдеудің әртүрлі өнімдердегі физика-химиялық өзгерістермен таныстыру. - әртүрлі тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындауға арналған технологиялық карталарды әзірлеуге үйрету. - шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау әдістерін, сондай-ақ тағамдық және органолептикалық қасиеттерін сақтай отырып, оларды сақтау негіздерін үйрету. - өнімдерді термиялық өңдеудің заманауи әдістерін, сондай-ақ кәсіби аспаздық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. - санитарлық нормалар мен сапа стандарттарын сақтай отырып, технологиялық процестерді тиімді ұйымдастыру қабілетін дамыту. - командалық жұмыс дағдыларын және технологиялық негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз ете отырып, студенттерді мейрамхана бизнесі жағдайында кәсіби міндеттерді шешуге дайындау. 1.2 Оқыту нәтижелері: Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін қабылдау әдістерін қолданады, шикізатты механикалық және гидромеханикалық өңдеу технологияларын қолданады, жартылай фабрикаттарды жылумен өңдеу және дайын тамақты дайындау әдістерін қолданады, сондай-ақ шикізат пен жартылай фабрикаттарды механикалық және аспаздық өңдеудің технологиялық процестерін қолданады. 2 Пререквизиттер. Бар ісі және эногастрономия Постреквизиттер. Банкеттер мен қабылдауларды ұйымдастыру 3. Академиялық кредиттер көлемі -5/ МООК ұзақтығы-15 апта 4.Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.