Варианты зачисления на курс
МІМБ-дегі бизнес-жоспарлау
Туризм и сервис
Абеуханова Еркежан Бахытбековна сеньор-лектор,
Омарова Кенжегуль Акмышевна сеньор-лектор,
1. МІМБ-дегі бизнес-жоспарлау ЖАОК сипаттамасы
1.1. Оқу мақсаты: білім алушыға тиімді бизнес-жоспарларды әзірлеу және іске асыру үшін қажетті кешенді білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пән бизнес-жоспарларды әзірлеу қағидаттарын, әдістері мен құралдарын зерделеуге бағытталған; нарықты талдау үшін компетенциалдарды қалыптастыру, стратегияларды әзірлеу және мейрамхана бизнесі қызметінің ерекшелігіне бейімделген өміршең бизнес-жоспарларды құру.
1.2. Оқу міндеті:
- білім алушыларды бизнес-жоспарлаудың теориялық негіздерімен, қағидаттары мен әдістерімен таныстыру;
- мейрамхана және мейманхана бизнесінің салалық ерекшеліктерін ескере отырып, бизнес-жоспарларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру;
- нарықты талдау, тұтынушыларды сегменттеу және бәсекелестік ортаны бағалау бойынша құзыреттерді дамыту;
- бизнес-стратегияларды әзірлеу және оларды кәсіпорынның мақсаттарына сәйкес негіздеу қабілетін қалыптастыру;
- мейрамхана және мейманхана кәсіпорындарының қаржылық, өндірістік және ұйымдастырушылық бөлімдерін қамтитын өміршең бизнес-жоспарлар құруды үйрету;
- бизнес-жоспарларды іске асырудың тиімділігін бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
1.3. МІМБ-дегі бизнес-жоспарлау пәнін оқытудың нәтижелері: бизнес-жоспарлаудың негізгі ұғымдарын, қағидаттары мен әдістерін біледі және түсінеді; мейрамхана және мейманхана бизнесінің салалық ерекшеліктерін ескере отырып, бизнес-жоспар әзірлей алады; нарықты талдау, сұранысты болжау және бәсекелестік ортаны бағалау әдістерін қолданады; кәсіпорынның даму стратегиясын негіздейді және оны бизнес-жоспар құрылымына енгізе алады; бизнес-жоспардың қаржылық, өндірістік және ұйымдастырушылық бөлімдерін есептеп, қалыптастырады; инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалай алады; мейрамхана және мейманхана кәсіпорындарының қызметіне бейімделген өміршең бизнес-жоспарларды ұсына алады; бизнес-жоспарларды іске асыру барысында тәуекелдерді анықтап, басқарушылық шешімдер қабылдайды.
1.4. Пререквизиттер. Мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері.
1.5. Постреквизиттер. Қонақ үй шаруашылығы.
1.6. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 кредит
1.7. Курстың қиындық деңгейлері: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.