Варианты зачисления на курс
Мемлекеттік басқару теориясы
Экономика и управление
Мақыш Мулдир Кикбаевна,
Таханова Гаухар Талгатовна,
1. МООК-тың сипаттамасы - Курс студенттерде өңірлік дамудың экономикалық негіздері туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған. Курс аясында өңірлік экономиканың мәні мен ерекшеліктері, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару қағидаттары, аумақтық даму стратегиялары мен модельдері қарастырылады. Оқу барысында студенттер өңірлік даму көрсеткіштерін талдау әдістерімен, аймақтардың экономикалық әлеуетін бағалау тәсілдерімен, аумақтық теңсіздікті төмендету механизмдерімен танысады. Сонымен қатар, мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттары, инфрақұрылымдық даму, инвестициялық тартымдылықты арттыру, урбанизация және агломерация үдерістері қамтылады. Курста өңірлік дамуда цифрлық технологияларды қолдану, деректерге негізделген шешім қабылдау, тұрақты даму қағидаттары мен «ақылды қалалар» тұжырымдамасына ерекше назар аударылады.
1.1 Оқытудың мақсаты: студенттерде өңірлік даму экономикасы саласында жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, өңірлік экономиканың негізгі қағидаттарын меңгерту, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және бағалау әдістерін игеру, аумақтық даму стратегияларын әзірлеу дағдыларын дамыту, мемлекеттік өңірлік саясат құралдарын тиімді қолдану арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін, инвестициялық тартымдылығын және тұрақты дамуын арттыру.
1.2 Оқытудың міндеттері:
өңірлік даму экономикасының теориялық негіздері мен негізгі ұғымдарын меңгерту;
өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау әдістерін үйрету;
аймақтардың экономикалық әлеуетін бағалау және аумақтық теңсіздікті анықтау дағдыларын қалыптастыру;
мемлекеттік өңірлік саясаттың құралдары мен механизмдерін түсіндіру;
өңірлік даму стратегияларын әзірлеу және негіздеу қабілетін дамыту;
инвестициялық тартымдылықты арттыру және инфрақұрылымды дамыту жолдарын қарастыру;
урбанизация, агломерация және аумақтық жоспарлау үдерістерін талдау дағдыларын қалыптастыру;
цифрлық технологиялар мен деректерді талдау құралдарын өңірлік басқаруда қолдануды үйрету;
өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетін дамыту.
саласында басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту.
1.3 Оқу нәтижелері: студенттер өңірлік даму экономикасының негізгі ұғымдары мен теорияларын түсіндіре алады, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдап, бағалайды, аймақтардың экономикалық әлеуетін анықтап, аумақтық теңсіздіктің себептерін негіздейді, мемлекеттік өңірлік саясаттың құралдары мен бағыттарын сипаттайды, өңірлік даму стратегияларын әзірлеп, олардың тиімділігін дәлелдейді, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың өңірлік дамуға әсерін бағалайды, урбанизация және агломерация үдерістерін талдайды, өңірлік басқаруда цифрлық технологиялар мен деректерді талдау құралдарын қолданады және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдай алады.
2. Пререквизиттер: Философия, Қазақстан тарихы.
3. Постреквизиттер: Мемлекеттік басқару саясаты, Саяси менеджмент.
4. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 кредит.
5. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.