Варианты зачисления на курс

Әлеуметтік сала экономикасы
Экономика и управление
Касымова С.Б. — сеньор-лектор МООК сипаттамасы: курстың мақсаты басқарудың, қаржыландырудың және жоспарлаудың теориялық-әдіснамалық тәсілдері мен практикалық құралдарын қолдана отырып, әлеуметтік салада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер мен тетіктерді талдау, әлеуметтік сала салаларын дамытудың басым бағыттарын анықтау, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін бағалау және оның жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Оқу міндеттері: 1. Бұл пән студенттерді қоғамның әлеуметтік саласының (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау, ғылым, спорт) экономикалық мазмұны мен даму заңдылықтарымен таныстырады. Ол әлеуметтік саланың ұлттық экономикадағы орны мен рөлін, қаржыландыру көздері мен басқару тетіктерін қарастырады. 2. Бұл пән студенттерге әлеуметтік саланың жұмыс істеу тетіктерін, оның қоғам дамуы мен халықтың өмір сапасына әсерін түсінуді үйретеді. Ол білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау сияқты салалардың экономикалық негіздерін меңгеруге бағытталған. 3. Бұл пән студенттердің кәсіби және тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Атап айтқанда, ол: әлеуметтік-экономикалық ойлау қабілетін дамытады - қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді экономикалық тұрғыдан талдауға үйретеді; талдау және бағалау дағдыларын қалыптастырады — әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін есептеуге баулиды; жоспарлау мен басқару қабілеттерін жетілдіреді – әлеуметтік саланы дамытуға арналған жобаларды құрастыруға көмектеседі; қаржылық сауаттылықты дамытады - әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру тетіктерін түсінуге мүмкіндік береді; әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады – халықтың әлауқатын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдауға тәрбиелейді; сыни және стратегиялық ойлауды дамытады –әлеуметтік саясаттың ұзақ мерзімді әсерін бағалауға үйретеді. Оқу нәтижелері: әлеуметтік саладағы экономикалық процестерді талдайды және бағалайды, дамудың стратегиялық бағыттарын әзірлейді және осы саланың жекелеген салаларын зерттеу нәтижелерін жинақтайды. 1 Пререквизит: Микроэкономика, Макроэкономика, Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі. 2 Постреквизит: Кәсіпорындардағы экономикалық тәуекелдер, Қорытынды аттестаттау. 3 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы 4 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.