Варианты зачисления на курс

Биотехнологиялық өндірісті бақылау және бағалау
Технология и стандартизация
Серикова Шынар – биология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор. 1. МООК сипаттамасы 1.1 Пәнді оқудың мақсаты: биотехнологиялық процестердің тиімділігін мониторингтеу және бағалау саласында білім мен дағдыларды игеру, өндіріс барлық кезеңдерінде сапаны бақылау әдістерін меңгеру, биотехнологиялық өндірісте қауіпсіздік пен жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз ету үшін заманауи аналитикалық және диагностикалық технологияларды қолдану қабілетін дамыту. 1.2 Оқу міндеттері:  Биотехнологиялық өндірістердің негізгі процестерімен және оларды бақылау принциптерімен таныстыру.  Өндіріс кезеңдерінде сапаны бақылау, мониторинг жүргізу және бағалау әдістерін қолдануды үйрету.  Заманауи аналитикалық, диагностикалық технологияларды пайдалану дағдыларын және биотехнологиялық өндірістегі қауіпсіздік пен сапа стандарттарын қамтамасыз ету қабілетін дамыту. 1.3 Оқыту нәтижелері: Қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, биотехнологиялық процестерді бақылау мен талдау жүргізеді, олардың тиімділігі мен өнім сапасын бағалайды, қауіпсіздік пен сапа стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді, алынған деректер негізінде биотехнологиялық өндірістерді жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. 1. Пререквизиттер. Биотехнология, Биотехнологиядағы ғылыми зерттеу негіздері, Стандарттау және сәйкестікті растау 2. Постреквизиттер. Қорытынды аттестаттау 3. Академиялық кредиттер көлемі -5/ МООК ұзақтығы-15 апта 4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.