Варианты зачисления на курс

Тәуекел мен қауіпті факторларды талдау
Технология и стандартизация
Туреханова Г.И. – техника ғылымдарының магистрі, сеньор - лектор, 1 Жалпы ережелер ЖАОК сипаттамасы: 1.1 Тәуекелдерді басқару процестерінде дағдыларды дамыту мақсатында зерттеледі, мысалы: тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау. Пән қауіпті факторларды (тағамдардың бүлінуінің түрлері, себептері), тәуекелдерді азайту әдістерін және сыни шектеулерді бақылау принциптерін зерттеуге бағытталған 1.2 Пәнді оқыту міндеттері: 1. Тағам өнімдеріндегі тәуекелдерді анықтау және талдау дағдыларын қалыптастыруды, тағамның бүліну себептері мен түрлерін анықтап, қауіпті факторларды бағалауды және тәуекелдерді бағалау және оларды азайту әдістерін меңгеруді, гигиеналық, технологиялық және басқарушылық шаралар арқылы қауіп-қатер деңгейін төмендетуді, – HACCP жүйесінің негізінде қауіпсіз өндіріс процесін қамтамасыз етуді таныстырады. 2. Сыни бақылау нүктелері (CCP) мен шектеулерін бақылау принциптерін және тәуекелдерді басқару саласында стандарттар мен нормативтік құжаттарды қолдануға үйретеді. 3. Тәуекелдерді басқару процестерін құжаттау және мониторинг жүргізу дағдыларын дамытады. 1.3 Пәнді оқыту нәтижелері: тамақ өнімдерін өндіру объектілеріндегі тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару әдістері туралы білім алу, сондай-ақ қауіптерді талдау және ықтимал қауіптерді азайту үшін шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту. 1.4 Пререквизиттері: Техникалық реттеу саласындағы зерттеулер, Тәуекел мен қауіпті факторларды талдау, Өнімдер мен құжаттарды сәйкестендіру негіздері 1.5 Постреквизиттері: Сапа менеджменті жүйелері, Азық-түлік қауіпсіздігін басқару жүйесі Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орта, жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.