Варианты зачисления на курс

Өңірлік экономика және басқару
Экономика и управление
Абдыгалиева Л.С. – сеньор-лектор, ЖАОК сипаттамасы: курстың мақсаты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдаудың аналитикалық және әдіснамалық негіздерін, аумақтық теңсіздіктерді бағалау, өңірлік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдарын меңгеруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, бизнес құрылымдарда өңірлік дамуды жоспарлау және басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқу міндеттері: 1. Өңірлік экономиканы тек теориялық тұрғыда ғана емес, оны аумақтық даму мен басқару құралы ретінде қарастыруға үйрету. 2. Өңірлік экономиканы талдау, стратегиялық жоспарлау, болжау және басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын қалыптастыру. 3. Болашақ мемлекеттік қызметшілердің және басқарушылардың өңірлік саясат, инвестиция тарту, инфрақұрылым дамыту және аймақтық бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту. Оқу нәтижелері: Экономиканың және елдің ірі өңірлерінің аумақтық ұйымдастырылуын талдай алады, өңірлік дамудың негізгі факторлары мен алғышарттарын бағалайды, сондай-ақ экономикалық талдаудың тиісті әдістері мен құралдарын қолдана отырып, өңірлердің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына кешенді талдау жүргізу қабілетіне ие болады. 1. Пререквизит:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, Экономиканы мемлекеттік реттеу. 2. Постреквизит: Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ҚР мемлекеттік бюджеті. 3. Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы 4. Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.