Варианты зачисления на курс
ГИДРОЭКОЛОГИЯ- Каз
Химия, химическая технология и экология
Өнерхан Гүлжайна, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,
1. ЖАОК сипаттамалары
1.1 Курс мақсаты: студенттің су объектілерінің гидрологиялық режимі мен экологиясы туралы білімдерін, сондай-ақ гидрометриялық бақылау саласындағы дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Білім алушылар биологиялық қауымдастықтардың құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін, жеке тұлғалардың, популяциялардың, қауымдастықтар мен экожүйелердің қарым-қатынасын салыстыра алады. Су ортасындағы абиотикалық жағдайлардың ерекшеліктері және олардың су организмдеріне әсері бағаланады.
1.2 Курс міндеттері:
• Су экожүйелерінің құрылымы мен динамикасын зерттеу — су экожүйелерінің құрылымын, олардағы экологиялық процестерді талдау.
• Судың сапасын бағалау — су құрамының ластануы мен экологиялық жағдайын анықтау.
• Су экожүйелерінің экологиялық функцияларын сақтау — экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
• Су ресурстарын тиімді пайдалану — тұрақты су пайдалану әдістерін әзірлеу.
1.3 Оқыту нәтижелері:
Гидрологиялық процестердің заңдылықтарын және табиғи сулардың географиялық қабықтағы рөлін зерттейді, әртүрлі типтегі объектілердің ерекшеліктерін және олардың процестерінің мәнін физикалық заңдылықтар тұрғысынан түсінеді. Гидросфераны зерттеу әдістерін қолдану және су жүйелерінің режимін талдау. Ресурстарды ұтымды пайдалану үшін гидрологиялық зерттеулердің практикалық маңыздылығын бағалайды және табиғатты сақтау және су экожүйесін сақтау бойынша ұсыныстар жасайды.
2. Пререквизиттері: Аналитикалық және физколлоидтық химия
3. Постреквизиттері: Ауыз су және ағынды суларды тазарту технологиясы және жабдықтары, Өндірістік экология
4. Академиялық кредиттер саны-5;
ЖАОК ұзақтығы-15 минут.
5. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.