Варианты зачисления на курс

Дәрілік заттардың синтезі
Химия, химическая технология и экология
Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы – х.ғ.к., PhD, ХХТжәнеЭ кафедрасының профессоры, Нурымов Жайнарбек Джолдасович – магистр, 1. ЖАОК сипаттамасы 1.1 Оқыту мақсаты: Білім алушыларға дәрілік заттарды органикалық синтез арқылы алудың қазіргі заманғы әдістерін, жолдарын және технологиялық ерекшеліктерін меңгерту 1.2 Оқыту міндеттері: 1. Дәрілік заттардың органикалық синтезінің теориялық негіздерін түсіндіру; 2. Реакция типтері мен олардың механизмдерін талдау дағдыларын қалыптастыру; 3. Құрылым–белсенділік байланысын (QSAR) түсіндіру; 4. Заманауи зертханалық синтез әдістерін (катализ, микротолқынды синтез, фазалық катализ және т.б.) көрсету; 5. Экологиялық қауіпсіз және тиімді синтез тәсілдерін меңгерту. 1.3 Оқыту нәтижелері: Пәнді меңгерген соң студент: • дәрілік заттардың химиялық құрылымы мен биологиялық белсенділігі арасындағы байланысты түсіндіреді; • органикалық синтездің негізгі кезеңдерін жоспарлап, жүргізе алады; • реакция механизмдерін талдайды; • зертханалық жағдайда қарапайым дәрілік молекулаларды синтездей алады; • алынған өнімдердің тазалығын және шығымын бағалайды. 2. Пререквизиттері. Осы ЖАОК игеру үшін келесі курстарды оқу кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: «Жалпы химия», «Органикалық химия», «Фармацевтикалық химия». Курс пререквизиттері ЭПК-пен бірдей болуы керек. 3. Постреквизиттері. ЖАОК үйрену кезінде алған білім, білік пен дағдылар келесі курстарды игеру үшін қажет: «Фармацевтикалық талдау», «Медициналық химия». Курс постреквизиттері ЭПК-пен бірдей болуы керек. 4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы - 3 5. Курстың қиындық деңгейі: бастауыш, орта және жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.