Варианты зачисления на курс

Мәдениеттану (Әлеуметтік-саяси білімдер модулі)
Социально-гуманитарные дисциплины
Жақан Мадина Қаирболатқызы – PhD докторы, ассистент, 1. МООС сипаттамасы 1.1 Оқытудың мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу аясында білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру. 1.2 Оқытудың міндеттері: 1. қоғамды және оның ішкі жүйелерін зерттеудегі негізгі әлеуметтік, саяси және гуманитарлық ұғымдарды, теориялар мен тәсілдерді меңгеру; 2. қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының қызмет етуінің негізгі қағидаттары туралы түсінік қалыптастыру; 3. қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін, әлеуметтік үдерістер мен қатынастардың мәнін сипаттау және талдау дағдыларын қалыптастыру. 4. студенттердің Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану және Психология салаларындағы ақпаратты алудың негізгі дереккөздері мен әдістерін меңгеруі; 5. әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияны меңгеру барысында алынған білімді кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру; 6. сыни ойлау дағдыларын және оны тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. 1.3 Оқытудың нәтижелері: 1) модуль пәндерін құрайтын ғылымдардың (Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, Психология) барлық салаларындағы пәндік білімді (ұғымдар, идеялар, теориялар) түсіндіру және интерпретациялау; 2) әлеуметтік-саяси модуль пәндерінің базалық білім жүйелеріндегі интеграциялық үдерістердің нәтижесі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру; 3) нақты оқу пәні аясында және модуль пәндерінің өзара әрекеттесу үдерістерінде ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдануды алгоритмдік түрде көрсету. 4) оқытылатын пәндердің ғылыми салаларындағы теориялар мен идеялар мазмұны негізінде әлеуметтік коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайлардың табиғатын түсіндіру; 5) қазақ қоғамының даму кезеңдері, саяси бағдарламалар, мәдениет, тіл, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар туралы ақпаратты дәлелді әрі негізді түрде ұсыну; 6) қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан әлеуметтік, саяси, мәдени және психологиялық институттардың ерекшеліктерін талдау. 7)коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларды қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесімен, қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларымен сәйкестігі тұрғысынан талдау; 8)қоғамды зерттеудің әртүрлі стратегияларын ажырату және нақты мәселелерді талдау үшін әдіснаманы таңдауды негіздеу; 9)қоғамдағы нақты қатынастар жағдайын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың белгілі бір бағыты тұрғысынан бағалау, ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, оның даму перспективаларын жобалау; 10) қоғамдағы, соның ішінде кәсіби ортадағы жанжалды жағдайларды шешу бағдарламаларын әзірлеу; 11) коммуникацияның әртүрлі салаларында зерттеу-жобалау қызметін жүзеге асыру, қоғамдық маңызы бар білім қалыптастыру және оны таныстыру; 12) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіру және оны дәлелді түрде қорғау. 2. Пререквизиттері. Мектеп бағдарламасы. 3. Постреквизиттері. Оқу бағдарламасына сәйкес пәндер 4. Академиялық кредиттер саны 8/2 5. Уровень сложности курса: начинающий
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.