Варианты зачисления на курс
Тағамдық қоспалар және биологиялық белсенді заттар
Технология и стандартизация
Агедилова Мереке Туяковна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а. ,
1. Жаппай ашық онлайн курсының (МООК) сипаттамасы
1.1 Оқу мақсаты: Курс тағамдық қоспалар, биологиялық белсенді заттар және олардың өндіріс процесіне әсері туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ тағамдық шикізаттың және дайын өнімдердің микробиологиялық және оксидативті бұзылуын баяулататын қоспалар туралы зерттеу. Оқу барысында технологиялық және биологиялық белсенді қоспаларды жүйелеу, сондай-ақ микробтық синтез, жануарлар мен өсімдік жасушаларынан БАҚ алу технологиясын меңгеру жүзеге асырылады.
1.2 Оқу міндеттері: білім алушыларға тағамдық қоспалар мен биологиялық белсенді заттардың түрлері, қасиеттері және тағам өнеркәсібіндегі рөлі туралы білім беру. Сонымен қатар олардың өнім сапасына, адам денсаулығына әсерін және қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіру.
1.3 Оқыту нәтижелері: Азық-түлік қоспалары мен биологиялық белсенді заттарды өндіру технологияларын бағалайды, олардың адам денсаулығына әсері мен тамақ өнеркәсібінде қауіпсіз қолданылуын зерттейді, қоспалардың құрамын және қасиеттерін талдайды, оларды тағам өнімдеріне енгізу әдістерін әзірлейді, тиімділігін және нормативтік талаптарға сәйкестігін бақылайды.
1. Пререквизиттер: Тағам микробиологиясы, Биохимия, Физикалық және коллоидтық химия, Тағамдық биотехнология
2.Постреквизиттер: Тағам өнеркәсібінің ферменттік препараттары, Мамандандырылған тамақ өнімдерінің биотехнологиясы.
3. Академиялық кредиттер көлемі / MOOК ұзақтығы: 5 кредит / 15 апта
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.