Варианты зачисления на курс

Түрік тілі А1, А2
Государственный и иностранный языки
Усипбаева Перизат Сагинбековна, ассистент профессор, 1. ЖОАК сипаттамасы 1.1, Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы Пән кәсіби салада шет тілін практикалық меңгеруге, мамандандырылған лексиканы меңгеруге, ауызша және жазбаша сөйлеуді жақсартуға, сондай-ақ мәдениетаралық өзара ісқимыл саласында дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді меңгеру барысында кәсіби қарым-қатынаста тілді меңгеру дағдылары жетілдіріледі. 1.2, Пәннің мақсаты - шет тілін кәсіби деңгейде қолдану, оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру және түрік тілін тиімді меңгерту арқылы олардың тілдік, мәдени және коммуникативтік қабілеттерін дамыту болып табылады. Тілдік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру — оқушыларға түрік тілінде сөйлесуге, тыңдауға, оқу мен жазуға қажетті дағдыларды үйрету болып табылса, түрік мәдениетін түсіну және қабылдау — тіл арқылы түрік халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен өмір сүру ерекшеліктерін таныстыру болып табылады. Шетел тілі мәдениетіне және оның сөйлеушілеріне нақты қолжетімділікті анықтау үшін қарым-қатынас функциясын жүзеге асыру, қарым-қатынасты көру, тілді бірінші қарым-қатынаста қолдана білу мәселелері қарастырылады. Түрік тілінің сөз байлығы, сөйлегенде, жазғанда ойға лайық сөз таңдап, оны орынды қолдану мәдениетін меңгеруі тиіс. 1.4, Оқу нәтижелері Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы: 1) Қарапайым сөздер мен күнделікті сөйлемдерді түсінеді; 2) Өзін, отбасын, тұрғылықты жерін сипаттайтын мәтіндерді түсінеді; 3) Қысқа хабарландырулар мен жазулардың мағынасын ажырата алады, хаттар, хабарландырулар, жарнамалар мен мәтіндердің жалпы мазмұнын ажырата алады 4) Сәлемдесу, танысу, сұрақ қою және жауап беру дағдыларын меңгереді, күнделікті өмір, демалыс, саяхат, жұмыс, оқу сияқты тақырыптарда сөйлесе алады 5) Дүкенде, кафе, көлікте қарапайым сөйлесулер жүргізе алады, радио, теледидар немесе бейнематериалдан таныс тақырыптағы ақпаратты түсінеді. 6) Өзінің аты-жөні, мамандығы, отбасы туралы әңгімелей алады; 7) Қысқа сөйлемдер мен қарапайым хаттар жаза алады; 8) Анкета немесе формаларды толтыра алады (аты-жөні, мекенжайы, ұлты т.б.); 9) Етістіктердің жедел осы шағын (geniş zaman), бұйрық райды, (emir kipi) өткен шақ (geçmiş zaman), келер шақ (gelecek zaman) және қалау рай (istek kipi) формаларын қолданады 10) Есімдіктер, септік жалғаулар, сын есімдер мен сандарды қолданады. 11) Курсты оқу барысында түрік тілінің әліпбиі, түрік тілінің грамматикасы, күнделікті тұрмыста қолданылатын лексика, тілдегі оқылым, тыңдалым, айтылым, сөйлесім әрекеттері, тілді үйренуге қажетті мәтіндер оқып, жаттығулар жасауға үйренеді. 2, Курстың алғышарттары: Түрік тілін бұрын оқымаған немесе өте аз деңгейде түсінетін тыңдаушыларға арналған. Латын әліпбиін тануы және қарапайым оқу-жазу дағдыларының болуы жеткілікті. Негізгі талаптар: Тіл үйренуге мотивациясы жоғары болу; жаңа тілдік материалды тыңдау, қайталау және жаттығу арқылы меңгеруге дайын болу; Сөйлеу мен тыңдау жаттығуларына белсенді қатысуға ниетті болу; тілдік дағдыларды (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) әрі қарай жетілдіруге дайын болу. Техникалық және ұйымдастырушылық талаптар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон; микрофон және құлаққап. 3, Курстың кейінгі реквизиттері: түрік тілін үйрену процесінде тыңдаушылар сөздік қорын кеңейтеді, сөйлеу мен жазу дағдыларын дамытады. Күрделі сөйлемдерді түсініп, құрастырып өз ойын еркін жеткізу, пікірталас элементтерін қолдану күнделікті өмірдегі қарым-қатынас пен қысқа мәтіндермен жұмыс істеу қабілеті артады қалыптасқан тілдік емес мамандықтар студенттерінің сөйлеу дағдылары мен қабілеттері көпмәдениетті қоғамда кәсіби тұлғаның қалыптасуына, өзара қарым-қатынасына ықпал етеді. 4, Академиялық кредиттер саны: 5 кредит 1. Пререквизиттер: мектеп бағдарламасы 2. Постреквизиттер; Түрік тілі А1, А2 деңгейі 3. Академиялық кредиттер саны: 5 4. Курсты меңгеру деңгейі: (Түрік тілі А1, А2)
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.