Варианты зачисления на курс
Қазақ тілі А1
Государственный и иностранный языки
Галямова Жупар Кенжетаевна – ф.ғ.к., ассистент-профессор,
1. ЖОАК сипаттамасы
1.1. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы
«Қазақ тілі» пәні жалпы білім беру пәні бағдарламасына сәйкес тіл үйренудің жаңа форматына және әлеуметтік-мәдени білімді қалыптастыруға, студенттің коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіруге, жеке әлеуетін дамытуға бағытталған. Бағдарлама үштілділік пен ұлттық сананы рухани жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру контексінде тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби, мәдениетаралық қарым-қатынас салаларында орыс тілінде танымдық және коммуникативтік қызметті жүзеге асыруға қабілетті студенттің лингвистикалық тұлғасын дамытуға арналған.
1.2. Пәнді оқу мақсаты.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындарында тілдерді оқытудың халықаралық стандартына сай қазақ тілі пәнін оқыту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы мен құндылығын арттыру, болашақ маман иесінің қазақ тілін қоғамдық өмірдің ғылыми, әлеуметтік-мәдени, саяси салаларында қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алу құзіреттілігін қалыптастыру. Әлемдік мәдениеттер мен тілдерді әлемдік деңгейдегі білім аудармашылары ретінде толеранттылықпен қарауды, оларды пайдалану мен беру елдің жаңғыруын және болашақ мамандардың жеке мансаптық өсуін қамтамасыз ете алатын озық заманауи технологияларды дамытуды көздейтін рухани жаңғырудың ұлттық идеясы контекстінде білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
1.3. Пәннің міндеттері:
1) студенттің қазақ тілі бойынша тілдік дағдыларын дамыту, әрі қарай жетілдіру;
2) қазақ тілінің әртүрлі функционалдық стильдердегі мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін, әртүрлі коммуникативтік жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін ашу;
3) фонетика, морфология, синтаксис, сөз қолдану деңгейінде қазақ тілінің нормалары туралы жалпы түсінік беру, қазіргі сөйлеу жағдайының өзіндік ерекшелігін көрсету;
4) студенттердің белсенді сөздік қорын кеңейту және қолдану белсенділігін арттыру, қазақ лексикасының, фразеологиясының байлығын көрсету, тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылын көрсететін түрлі сөздіктер мен анықтамалықтармен таныстыру;
5) тілдік құбылыстар мен фактілерді олардың әртүрлі түсіндірмелерін ескере отырып тану, талдау, салыстыру, жіктеу қабілетін дамыту; қажет болған жағдайда тілдік құбылыстарға түсініктеме беру; тілдік құбылыстар мен фактілерді нормативтілік, қарым-қатынас саласы мен жағдайына сәйкестік тұрғысынан бағалау;
6) алған білімдері мен дағдыларын өзінің сөйлеу практикасында, оның ішінде кәсіби бағдарланған қарым-қатынас саласында қолдануға үйрету; қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдайларында тілдің нормативтік және мақсатқа сай қолданылуын жетілдіру.
1.4. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы:
Пәнді меңгеру қорытындысы бойынша білім алушылар құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, төмендегідей нәтижелерге ие болады:
1) қолданыста жиі кездесетін грамматика бірліктерін қолданып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби салаларда әртүрлі сөйлеу жағдаяттарына еркін араласып, сұхбатқа қатысып, қолдауға, қажетті ақпараттарды сұрап алуға;
2) тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға; пікірталастарда мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;
3) әртүрлі жанрдағы мәтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі және көмекші ақпараттарды ажыратуға, мәтіндердегі мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;
4) қазақ тілінде әртүрлі мақсаттағы хат-хабарлар, тезис, хабарламаларды оқып, түсінуге;
5) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;
6) әртүрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы ауызша және жазбаша мәтіндерді жасау тәсілдерін қолдануға үйренеді.
1.5. Курс туралы мәліметтер:
Пререквизиттері: мектеп бағдарламасы.
Постреквизиттер: оқу бағдарламасына сәйкес пәндер.
Академиялық кредиттер саны: 3
Курсты меңгеру деңгейі: Қазақ тілі А1
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.