Варианты зачисления на курс

Азық-түлік қауіпсіздігі
Технология и стандартизация
Тютебаева К.Е., сеньор-лектор, PhD; Рыскалиева Б.Ж. - магистр. 1. ЖАОК сипаттамасы: - пән білім алушылардың тағам өнімдерінің қауіпсіздігін олардың тіршілік циклінің барлық кезеңдерінде - өндірістен тұтынуға дейін қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қауіпті факторларды анықтауға, тәуекелдерді бағалауға, бақылау жүйелерін қолдануға және өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Курс шеңберінде: тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары; қауіпті факторларды сәйкестендіру және бағалау әдістері; қауіпсіздікті басқару жүйелері (мысалы, HACCP); өндіру, сақтау және өткізу кезеңдерінде сапа мен қауіпсіздікті бақылау; сәйкессіздіктер себептерін талдау және түзету шараларын әзірлеу; өнімнің қауіпсіздігін бақылау және бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларды ресімдеу. 1.1 Пәнді оқудың мақсаты «Азық-түлік қауіпсіздігі» пәнінің мақсаты білім алушылардың теориялық және практикалық білімді игеруі, сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығын қорғау және нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 1.2 Оқудың міндеттері: - тамақ өнімдері қауіпсіздігінің теориялық негіздерін зерделеу; - білім алушыларды тамақ қауіпсіздігі және санитарлық талаптар саласындағы нормативтік-құқықтық базамен таныстыру; - биологиялық, химиялық және физикалық қауіпті факторларды анықтау әдістерін меңгеру; - тамақ өнімдеріндегі қауіптерді талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру; - HACCP жүйесін енгізу принциптері мен кезеңдерін зерделеу; - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды және бағалауды жүргізуге үйрету; - тәуекелдерді болдырмау және азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу білігін дамыту; - тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін жауапкершілікті қалыптастыру. 1.3 Оқу нәтижелері: курс аяқталғаннан кейін білім алушы: қауіпті факторларды сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау әдістерін меңгерген; HACCP жүйесінің принциптерін практикада қолдана алады; бақылау нәтижелерін талдауға және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы шешім қабылдауға қабілетті; түзету және ескерту іс-шараларын әзірлеу дағдыларын меңгерген. 2. Пререквизиттері: Аталған ЖАОК-ті игеру үшін келесі курстарды оқу кезінде алған білімдері, біліктері мен дағдылары қажет: Техникалық реттеу және метрология негіздері; Микробиология негіздері; Тамақ өнімдерінің химиясы; Сәйкестікті бағалау. 3. Постреквизиттері:ЖАОК-ты зерделеу кезінде алынған білім, білік және дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау; Сапа және қауіпсіздік менеджменті жүйелері; Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жүйелерінің аудиті. 4. Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит 5. Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орта, жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.