Варианты зачисления на курс
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару
Экономика и управление
Нурпейсова Асем Зейтеновна, магистр, сеньор-лектор,
Саржанова Аягоз Сериковна, магистр, ассистент,
1.1 ЖАОК сипаттамалары: бұл мемлекеттердің, кәсіпорындардың және халықаралық ұйымдардың арасындағы тауарлар, қызметтер, капитал және технологиялар алмасу процесі.
1.2 Оқудың мақсаты: білім алушылардың Қазақстан Республикасында және халықаралық тәжірибеде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы білім алу. Курс сыртқы экономикалық саясаттың түсінігімен түрлерін, сыртқы экономикалық саясатындағы қазыргі заманғы үрдістерді зерттейді.
1.3 Оқудың міндеттері:
- Сыртқы сауда, кеден, валюталық реттеу салаларында заңдар мен ережелерді әзірлеу.
- Экспорт пен импортты құқықтық қорғау.
- Ұлттық экономиканы сыртқы қауіптерден қорғау.
- Стратегиялық тауарлар мен технологиялардың айналымын бақылау.
- Экспорттаушыларға ақпараттық, қаржылық және консультациялық қолдау көрсету.
- Экспорттық кредиттер мен сақтандыру жүйелерін дамыту.
- Импорттық тарифтер мен квоталарды белгілеу.
- Ішкі нарықты сапасыз немесе демпингтік тауарлардан қорғау.
- Кедендік тарифтерді белгілеу.
- Кедендік бақылау мен рәсімдерді жетілдіру.
- Контрабандаға және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет.
1.4 Оқу нәтижелері:
Алған білімдерін сыртқы экономикалық қызметке жауапты мемлекеттік органдарда жұмыс істеу үшін, сондай ақ халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы сауда саласындағы саясатты әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланады.
1. Пререквизиттері: Мемлекеттің экономикасының қауіпсіздігі, Халықаралық интеграция және халықаралық ұйымдар
2. Постреквизиттері: Қорытынды аттестаттау
3. Академиялық кредиттер саны-5
4. Курстың қиындық деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.