Варианты зачисления на курс

Экологиялық нормалау және сараптау
Химия, химическая технология и экология
Өнерхан Гүлжайна, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 1. ЖАОК сипаттамалары 1.1 Курс мақсаты: Пәннің мақсаты – экологиялық сараптама мен аудит арасындағы өзара байланысты зерттейді, білім алушылардаді экологиялық сараптама жүргізуге дайындайды, экологиялық сараптаманы жүзеге асырады, экологиялық сараптаманың нәтижелерін тексереді және экологиялық қорытынды беріп шығарады. Бұл пән экологиялық қорғау шараларының орындалуын сараптайды және бақылауды жүзеге асырады, аймақ немесе сала аясында жүргізілетін экологиялық сараптаманы зерттейді, сондай-ақ экологиялық қызмет түрлерін талдайды. Білім алушылар қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік құжаттармен және қоршаған орта сапасының стандарттарымен жұмыс істейді. 1.2 Курс міндеттері: - Экологиялық сараптама мен экологиялық аудиттің теориялық негіздерін меңгерту және олардың айырмашылығы мен өзара байланысын түсіндіру. - Экологиялық сараптама жүргізудің кезеңдерін, тәртібін және әдістерін үйрету. - Экологиялық сараптама материалдарын талдау, бағалау және экологиялық қорытынды жасау қабілетін дамыту. - Экологиялық заңнама, нормативтік-құқықтық актілер және қоршаған орта сапасының стандарттарымен жұмыс істеуге үйрету. - Экологиялық қорғау шараларының орындалуын сараптау және бақылау әдістерін меңгерту. - Табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау тәсілдерін үйрету. 1.3 Оқыту нәтижелері: Экологиялық аудиттің негізгі ұғымдарын сипаттайды, нормативтік талаптарды ескере отырып аудит жүргізеді, экологиялық тиімділік көрсеткіштерін талдайды, қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістерін қолданады, әртүрлі салалардағы объектілердің ерекшеліктерін ескереді, жағымсыз әсерді азайту бойынша ұсыныстарды әзірлейді, белгіленген стандарттарға сәйкес нәтижелерді ресімдейді. 2. Пререквизиттері: Өндірістік экология 3. Постреквизиттері: ҚОҚ саласындағы халықаралық шарттар мен конвенциялар 4. Академиялық кредиттер саны-5; ЖАОК ұзақтығы-15 минут. 5. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.