Варианты зачисления на курс

Тігін бұйымдар технологиясының негіздері
Технология легкой промышленности и дизайна
Зият Ақбота Әліайдарқызы – техника ғылымдарының магистрі, ассистент, 1. ЖАОК сипаттамасы: 1.1 Оқу мақсаты: Курсты оқу барысында білім алушыларға киім дайындау технологиясының негіздерін, киімдер классификациясына қарай перспективалық бағытта ұтымды жобалау және дайындау саласындағы әдістерді, тәсілдерді үйретеді. Білім алушылар бұйымдарды дайындау тәсілдерін, материалдарды пішу және тігу теориясын меңгеру негізінде киім дайындаудың неғұрлым жетілдірілген тәсілдерін, оны жобалау, шикізат пен материалдарды шығынын нормалау, материалдарды кесуге және пішуге дайындау негіздерін меңгереді. 1.2 Оқу міндеттері: • киім дайындау технологиясының негіздерімен, тоқыма материалдарының қасиеттерімен және тігін өндірісінің негізгі процестерімен таныстыру; • маталарды өңдеу, пішу және тігу теориясын, тігіс түрлерін, бұйымдарды әрлеу әдістерін, сондай-ақ технологиялық реттілікті құрастыру дағдыларын үйрету; • киімдерді ұтымды жобалау, материал шығынын нормалау, шикізатты дайындау және өндірістік жабдықты пайдалану бойынша практикалық қабілеттерді қалыптастыру; • технологиялық ойлау, кәсіби талдау жасау, конструкцияны бағалау және өндірістік қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын дамыту. 1.3 Оқу нәтижелері: Тігін бұйымдарының конструкциясын талдайды, тиісті өңдеу әдістерін таңдайды, бұйымдарды дайындаудың технологиялық реттілігін әзірлейді. Жұмыс сапасына және өндірістік қауіпсіздікті сақтауға жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Пререквизиттер: Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы, Арнайы сурет Постреквизиттер: Киімнің сыртқы ассортимент өнімдерінің технологиясының негіздері, Киімнің жеңіл ассортимент технологиясының негіздері, Жеңіл өнеркәсіптің жалпы технологиясы 1.4 Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 1.5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.