Варианты зачисления на курс
Банк қызметін талдау
Финансы и учёт
Жумажанова Марал Темирбаевна – сеньор-лектор,
1. ЖАОК-тың сипаттамасы: Курс Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын, тиімділігі мен тәуекелдерін талдау әдістерін зерделеуге бағытталған. Банктер қызметінің құқықтық негіздеріне, негізгі қаржылық көрсеткіштерге, ҚР Ұлттық Банкінің реттеуші талаптарына, сондай-ақ цифрландыруды, ESG-принциптерін және дағдарыстық жағдайларды басқаруды қоса алғанда, қазіргі заманғы трендтерге ерекше назар аударылады. Курс аналитикалық құралдар мен деректерді пайдалана отырып, банк қызметін бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
1.1 Пәннің мақсаты: Студенттерде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, банктердің қаржылық жағдайын талдаудың, тәуекелдерді анықтаудың және олардың қызметінің тиімділігін бағалаудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
1.2 Пәннің міндеттері:
ҚР банк жүйесінің жұмыс істеу принциптерін зерделеу.
Банктердің қаржылық есептілігін талдау әдістерін игеру.
Банктердің өтімділігін, кірістілігін және тұрақтылығын бағалауды үйрену.
Банк қызметін реттеу нормативтерімен танысу (ARRFR, Basel III).
Қазіргі тенденцияларды зерттеу (цифрландыру, ESG).
1.3 Оқыту нәтижелері. Студент үйренеді: негізгі қаржылық коэффициенттерді есептеу және түсіндіру, Excel және мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып банктердің есептілігін талдау, капиталды оңтайландыру және тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу, цифрландырудың банк жүйесінің тұрақтылығына әсерін бағалау.
2. Пререквизитері. Ақша, несие, банктер, банк ісі.
3. Постреквизиттері. Ақша-несиелік реттеу, банктік несиелер және инвестициялар, банктік менеджмент және маркетинг, Банктік бақылау және қадағалау
4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./2 семестр
5. Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге банк қызметін талдаудың теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге арналған. Пән аясында Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметі, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық жағдайын бағалау, банктің активтері мен пассивтерін талдау, өтімділік, табыстылық, рентабельділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін зерттеу қарастырылады. Сонымен қатар курс барысында студенттер банктік тәуекелдерді бағалау, кредиттік портфельді талдау, халықаралық стандарттар (Basel III) мен ҚНРДА талаптарын қолдану, сондай-ақ банк қызметін цифрландыру және ESG қағидаттарын талдау бағытында практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар банктің қаржылық есептілігін талдау, негізгі коэффициенттерді есептеу, банктің тиімділігі мен сенімділігін бағалау және аналитикалық қорытындылар жасау қабілеттеріне ие болады.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.