Варианты зачисления на курс

Тау кен материалтану
Химия, химическая технология и экология
Смайлова Нұргүл Темірғалықызы, т.ғ.д., профессор, 1. ЖАОК сипаттамалары 1.1 Курс мақсаты: «Тау кен материалтану» курсы білім алушыларды негізгі металдық және бейметалл материалдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері, металдар мен қорытпаларды нығайту әдістері, конструкциялық материалдарды қолданудың ұтымды салалары туралы білімдерін дамыту мақсатында оқытады. 1.2 Курс міндеттері: - студенттердің тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын материалдарды қолдануды меңгеру; - материалдардың құрылымын, таңбалауын және қасиеттерін білу; - конструкцияларға арналған материалдарды олардың мақсаты мен пайдалану шарттарына байланысты таңдауды білу; - құрылымдық материалдарды жіктеуді қолдану. 1.3 Оқыту нәтижелері: - құрылыс материалдарын топтарға бөле алады; - материалдардың беріктігі, тозуға төзімділігі, коррозияға тұрақтылығы және сенімділігіне баға береді; - тау-кен жабдықтарының жұмыс жағдайында материалдардың бұзылу себептерін анықтап, алдын алу шараларын ұсынады; - тәжирібелік жұмыстар барысында материалдардың қасиеттерін анықтау әдістерін қолдана алады; - машина бөлшектері мен жабдықтарға қажетті материалдарды таңдау кезінде техникалық-экономикалық талдау жүргізеді. Пререквизиттер. Тау-кен ісі негіздері. Постреквизиттер. Тау жыныстарының жарылу арқылы бұзылуы. Академиялық кредиттер саны-5; ЖАОК ұзақтығы- 15 минут Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.