Варианты зачисления на курс
Гидропневматикалық машиналар мен жетектер
Технология и стандартизация
Тасболат Ғалымжан Жұмабекұлы – техника ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор,
1. Жаппай ашық онлайн курсының (МООК) сипаттамасы
1.1 Оқу мақсаты: білім алушылардың гидропневматикалық жүйелерді жобалау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ технологиялық машиналар мен жабдықтардың гидравликалық және пневматикалық жетектерін есептеу, жобалау және өндірісте тиімді пайдалану дағдыларын меңгерту.
1.2 Оқу міндеттері:
Гидравликалық және пневматикалық жүйелердің жұмыс істеу принциптерін, құрылымын және негізгі элементтерін түсіндіру;
Әртүрлі технологиялық процестер мен машиналардағы гидро- және пневможетектердің қолданылу ерекшеліктерін зерделеу;
Гидравликалық және пневматикалық схемаларды талдау және құрастыру әдістерін меңгерту;
Гидропневматикалық машиналар мен жетектерді есептеу және жобалау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру;
Гидро- және пневможүйелердің жұмысын бақылау, диагностикалау және ақауларын анықтау негіздерін үйрету;
Қауіпсіздік техникасы, энергия үнемдеу және экологиялық талаптарды сақтау қағидаларын меңгерту.
1.3 Оқыту нәтижелері: Гидромеханикалық және механикалық процестердің теориялық негіздерін меңгереді, гидропневматикалық жүйелердің жұмыс істеу принциптерін талдай алады, технологиялық жабдықтардың гидравликалық және пневматикалық жетектерін есептеу және жобалау дағдыларын игереді.
1. Пререквизиттер: Тамақ өндірісінің гидромеханикалық процестерінің машиналары, Машина жасау технологиясы, Тағам өндірісінің үрдістері және аппараттары.
2.Постреквизиттер: Тамақ өндірісінің желдету қондырғылары мен ауаны баптау жүйелері, Қайта өңдеу өндірісінің аспирациялық және желдету қондырғылары, Тоңазытқыш техникасы және технологиясы.
3. Академиялық кредиттер көлемі / MOOК ұзақтығы: 5 кредит / 15 апта
4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.