Варианты зачисления на курс

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Химия, химическая технология и экология
Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор, Сламқұл И.С. – ассистент, Бердіғали Ж.Т. – ассистент, ЖАОК сипаттамасы: Зиянды өндірістік факторлардың әсер ету деңгейлерін сәйкестендіру және бағалау туралы білімді, сондай-ақ денсаулық пен жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жұмысшыларды қорғаудың техникалық құралдары мен әдістерін қолдану қажеттілігінің негіздемесін қалыптастырады. Пән қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында белгілі бір өндірістік жағдайда туындайтын кәсіптік зияндарды зерттейді. Мақсаты: зиянды өндірістік факторлардың әсер ету деңгейін анықтау және бағалау бойынша білім беру, сондай-ақ жұмысшылардың денсаулығы мен еңбек қабілетін сақтау үшін техникалық құралдар мен әдістерді қолдану қажеттілігін түсіндіру. Пән студенттерге кәсіптік зияндардың алдын алу шараларын әзірлеу және нақты өндірістік жағдайда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқу міндеттері: 1. Студенттерді зиянды өндірістік факторлар және олардың адам денсаулығына әсер ету деңгейлері бойынша таныстыру. 2. Кәсіптік зияндарды бағалау әдістері мен жұмысшыларды қорғаудың техникалық құралдары мен әдістерін қолдануды үйрету. 3. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын әзірлеу және іске асыру қабілеттерін дамыту. Оқу нәтижелері: Қалдықтарды түрлері мен қауіптілік деңгейіне қарай жіктейді, өндірістегі және тұтыну саласындағы қалдық ағындарын талдайды, орнықты басқару қағидаттарын қолданады, экологиялық заңнама мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қалдықтардың түзілуін азайту, оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу және қауіпсіз айналымға енгізу бойынша іс-шараларды әзірлейді. 1 Пререквизит: Өнеркәсіптік экология, ТҚН және ҚОО нормативті-құқық аспектілері 2 Постреквизит: Қоршаған ортаны инженерлік қорғау 3 Қорытынды аттестаттау. 4 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы 5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.