Варианты зачисления на курс
Өндірістік санитария және еңбектің гигиенасы
Химия, химическая технология и экология
Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор,
Мостовой А.С. - техника ғылымдарының кандидаты, Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Саратов қ.,
Бердіғали Ж.Т. – ассистент,
Сламқұл И.С. - ассистент.
ЖАОК сипаттамасы: «Өндірістік санитария және еңбектің гигиенасы» пәні студенттерді өндірістік ортадағы биологиялық, химиялық, физикалық және психофизиологиялық факторлардың адам ағзасына әсерін жан-жақты түсінуге бағытталған теориялық және практикалық даярлауды қамтамасыз етеді. Пән шеңберінде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жіктелуі, олардың таралу көздері мен адам денсаулығына ықпал ету механизмдері қарастырылады.
Мақсаты: Пәннің мақсаты биологиялық, химиялық, физикалық және психофизиологиялық факторларды қоса алғанда, өндірістік санитария мәселелері бойынша студенттерді теориялық және практикалық даярлау болып табылады. Пән зиянды заттардың жіктелуін қарастырады, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтайды және қалыпқа келтіреді, зиянды заттардың әсерінен туындайтын негізгі ауруларды анықтайды, микроклимат параметрлерінің адамның денсаулығы мен жұмысына әсерін сипаттайды.
Оқу міндеттері:
• Білім алушыларды өндірістік ортадағы зиянды және қауіпті факторлармен, олардың адам денсаулығына әсерімен таныстыру.
• Өндірістік санитария мен еңбектің гигиенасы саласындағы негізгі нормалар мен талаптарды меңгерту.
• Жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау және талдау дағдыларын қалыптастыру.
• Зиянды өндірістік факторлардың алдын алу және оларды төмендету бойынша тиімді шараларды қолдануға үйрету.
• Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби жауапкершілікті қалыптастыру.
Оқу нәтижелері: Өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының жұмыскерлердің денсаулығына әсерін бағалайды, гигиеналық нормалау, бақылау және профилактика әдістерін қолданады, еңбек жағдайларын жақсарту, кәсіби тәуекелдерді азайту және өндірістік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді.
1 Пререквизит: Өнеркәсіптік желдету, Еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді басқару
2 Постреквизит: Өнеркәсіптік қауіпсіздікті негіздері
3 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.