Варианты зачисления на курс
Event туризм
Туризм и сервис
Тәжен Айдана Нұрсұлтанқызы – магистр, сеньор-лектор,
Овчарова Снежанка – PhD, профессор, Varna Free University, Болгария.
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқытудың мақсаты: студенттерде event-туризмнің теориялық негіздері, іс-шараларды ұйымдастыру және басқару қағидаттары, олардың әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, сондай-ақ алынған білімді туристік іс-шараларды әзірлеу, жоспарлау және ілгерілету барысында қолдана алу дағдыларын дамыту. Курс болашақ туризм мамандарының кәсіби құзыреттілігін іс-шараларды концепциялау, ұйымдастыру, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, аудиториямен жұмыс істеу және Қазақстанда әрі шетелде event-туризмді дамыту бағыттарында жетілдіруге бағытталған.
1.2 Оқытудың міндеттері:
- event туризмінің теориялық негіздерімен танысу;
- event туризмін дайындау және жүзеге асыру әдістемесін үйрету;
- іс-шаралар мен оқиғалық турларды ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
2. Оқыту нәтижелері: «Event туризм» курсын меңгеру нәтижесінде студенттер іс-шаралардың түрлері, оларды ұйымдастыру және басқару қағидаттары туралы кешенді білім алады. Олар іс-шаралардың концепциясын әзірлеуге, жоспарлау құжаттарын (таймлайн, бюджет, маркетингтік жоспар) құруға, мақсатты аудиторияны анықтауға және туристік өнім ретінде іс-шараларды ілгерілетуге үйренеді. Сонымен қатар студенттер іс-шаралардың экономикалық тиімділігін бағалауға, тәуекелдерді басқаруға және алынған білімді туризм және event-индустрия саласында қолдануға қабілетті болады.
3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Mice – туризм.
4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Туристік бизнесті халықаралық реттеу.
5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.
6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.