Варианты зачисления на курс
Мінез-құлық экономикасы
Экономика и управление
Бекбусинова Г.К. – э.ғ.к., ассистент-профессор
Касымова С.Б. – сеньор-лектор,
МООК сипаттамасы: білім алушыларды мінез-құлық экономикасының негізгі модельдерімен, қазіргі мінез-құлық экономикасының тәсілдері мен мәселелерімен таныстыру. Курстың негізгі міндеті-мінез-құлық экономикасының теориялық модельдері нақты өмірде қалай қолданылатынын көрсету. Пән тұтынушылардың мінез-құлқына нарық контекстінде олардың пайдалылық функциялары мен әртүрлі қалауларын зерттеуге назар аударады.
Оқу міндеттері:
1 «Мінез-құлық экономикасы» пәні студенттерді адамдардың экономикалық шешім қабылдауындағы психологиялық, әлеуметтік және мінез-құлықтық ерекшеліктерімен таныстырады. Ол дәстүрлі экономикалық теориядағы «адам әрқашан рационалды әрекет етеді» деген ұғымды толықтырып, шынайы өмірде адамдардың жиі эмоцияға, әдетке, әлеуметтік ықпалға, шектеулі ақпаратқа сүйеніп шешім қабылдайтынын түсіндіреді.
2 Бұл пән студенттерге адамдардың экономикалық шешім қабылдау барысында әрқашан рационалды бола бермейтінін, олардың таңдауларына психология, эмоция, әдет және әлеуметтік факторлардың ықпал ететінін үйретеді.
3 Бұл пән студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен бірге олардың кәсіби және тұлғалық қабілеттерін дамытады. Атап айтқанда, ол: сыни ойлау қабілетін дамытады – адамдардың шешім қабылдауындағы жасырын психологиялық факторларды түсінуге үйретеді. Талдау дағдыларын қалыптастырады – экономикалық модельдерді адамның шынайы мінез-құлқымен салыстыра білуге баулиды. Креативті ойлау мен инновацияны дамытады – саясат пен бизнеске жаңа мінез-құлықтық әдістер енгізуге жол ашады. Тәуекелді бағалау және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау қабілетін жетілдіреді.
Оқу нәтижелері: Тұтынушылардың мінез-құлқын, олардың қалауын түсіну және нақты экономикалық мәселелерді шешу үшін мінез-құлық экономикасының модельдерін талдайды және қолданады.
1 Пререквизит: Микроэкономика, Нарықтық инфрақұрылым
2 Постреквизит: Баға беру, Басқарушылық талдау, диплом алдындағы тәжірибе.
3 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
4 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.