Варианты зачисления на курс
Бизнес этикасы
Экономика и управление
Кунанбаева К.Б. – сеньор-лектор.
1. ЖАОК сипаттамасы. Курс бизнес этикасының теориялық негіздерін, іскерлік қатынастардағы моральдық қағидаларды және ұйым қызметіндегі этикалық нормалардың рөлін қарастырады. Іскерлік ортада кездесетін этикалық мәселелерді анықтайды және оларды шешу жолдарын талдайды. Корпоративтік мәдениет пен корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ұйым дамуына әсерін бағалайды. Басқарушылық шешімдер қабылдау барысында этикалық қағидаларды қолданады. Іскерлік коммуникациядағы этикалық нормаларды сақтай отырып, кәсіби қарым-қатынастарды қалыптастырады. Халықаралық бизнес этикасының ерекшеліктерін талдайды. Цифрлық трансформация жағдайында этикалық басқару стратегияларын әзірлейді.
1.1 Оқыту мақсаты: Білім алушыларға бизнес этикасының теориялық негіздері мен заманауи тұжырымдамаларын меңгерту, ұйым қызметінде этикалық қағидаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру, іскерлік қатынастарда жауапты шешім қабылдауға және корпоративтік мәдениетті дамытуға үйрету.
1.2. Оқыту міндеттері:
- бизнес этикасының теориялық негіздері мен негізгі ұғымдарын меңгерту; іскерлік қызметтегі моральдық құндылықтар мен этикалық нормалардың маңызын түсіндіру; ұйым қызметіндегі корпоративтік этиканың рөлін ашу;
- қызметкерлер, серіктестер және тұтынушылар арасындағы этикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру дағдыларын дамыту; басқарушылық шешімдер қабылдау барысында этикалық қағидаларды қолдануды үйрету; корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаларын меңгерту; іскерлік коммуникация мәдениетін қалыптастыру;
- жаһандану және цифрлық трансформация жағдайындағы этикалық мәселелерді талдау қабілетін дамыту; халықаралық бизнес этикасының ерекшеліктерін бағалау дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың сыни ойлауын, кәсіби жауапкершілігін және этикалық құзыреттілігін дамыту.
1.3. Оқыту нәтижелері: Ұйым қызметінде этикалық қағидалар мен корпоративтік құндылықтарды қолдануға, іскерлік қатынастардағы этикалық мәселелерді талдауға және шешуге, корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілік стратегияларын әзірлеуге, сондай-ақ тұрақты даму қағидалары негізінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті.
2. Пререквизит: Менеджмент, Бизнесті ұйымдастыру.
3. Постреквизит: Көшбасшылық, Саяси менеджмент.
4. Академиялық кредиттер саны - 5
5. Курстың қиындық деңгейі: орташа.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.